Біз туралы
«Қазақстан теміржолшысы» газеті Қазақстан темір жолының жылнамасын жүргізеді. Әрбір саланың мұндай мақтанарлық тарихы бола бермейді. Ал қазақ темір жолының қалыптасуының барлық кезеңдерінде салалық басылым қатар жүрді. Ол әр разъезде, станцияда және алыс аялдамада асыға күтетін ақпарат көзі болды. Бұл шойын жолда болып жатқан оқиғалардың айнасы іспетті.