Экологиялық акцияға қатысқан бөлімшелер марапатталды

Жаңалықтар
10.12.2024, 09:00
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жұмада «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша жұмыстарын қорытындылап, бұл іс-шараға белсенді қатысқан бөлімшелерді алғыс хатпен марапаттады.

– «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тазалықты сақтауға аударту мақсатында мемлекет басшысының бастамасын қолдай отырып, апта сайын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізіп келдік. Акция шеңберінде 498 156 шаршы метр әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік нысандар аумақтары қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша барлығы 11 504,65 кг макулатура, 454 кг пластик, 3934 кг аккумуляторлық батарея, 2456,4 кг ортехника жиналып, сұрыпталып, кәдеге жаратылды. Ағаш отырғызу іс-шарасы бойынша барлығы 2192 ағаш егілді. Бұдан бөлек, қызметкерлер жұмыс орындарын күн сайын жинап, жеке заттар мен жалпы инвентарьді сақтау бойынша ережелерді ұстанды, – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің менеджері Светлана Сыдықова.  

Серіктестіктің бас инженері Марлен Көкірекбаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысып, сүбелі үлес қосқан Павлодар, Қарағанды, Алматы, Қызылорда жүк тасымалы бөлімшелері мен Илецк станциясы ұжымдарын алғыс хаттармен марапаттады. Биыл бірінші рет Компания қызметкерлері арасында қоршаған ортаны қорғау бойынша корпоратив деңгейіндегі олимпиада өтіп, оған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мамандары да қатысқан болатын. Осы олимпиадада Ақмола ЖТ бөлімшесіне қарасты ТЧЭ-10 экологы Әсел Тұрлыбаева бірінші, Жамбыл ЖТ бөлімшесіне қарасты ТЧЭ-32 маманы Гүлдана Хұсайынова екінші орынды иеленіп, «Адал еңбек» медалімен марапатталса, Семей вагон депосының экологы Қайрат Сәдуақасов Алғыс хат алды.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты