ҚТЖ-да қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту мәселесі айтылды

Жаңалықтар
24.12.2024, 16:17
Оқуға 2 мин

Соңғы үш жылда компанияда қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Өткізілген іс-шаралар төмен ақы төленетін кәсіптердің жалақысын сараланған арттыру, өңірлік коэффициенттерді ең жоғары облыстық деңгейге дейін теңестіру және мереке күндеріне сыйлықақы төлеу есебінен өндірістік персонал қызметкерлерінің жалақы деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы 2024-2026 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт бекітілді. Құжатта қолданыстағы әлеуметтік жеңілдіктер мөлшерін орта есеппен 20-50% ұлғайту көзделген. Осы мақсаттарға арналған жылдық бюджет 20 млрд. теңгеден 25 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Теміржолшылардың әл-ауқатын арттыру бойынша жоспарлы іс-шараларды іске асыру үшін, айтарлықтай қаржылық жүктемеге қарамастан, компания 2025 жылы бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруға ниетті. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап желілік кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне жалақыны 7% арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ мереке күндеріне біржолғы сыйлықақыларды төлеу практикасы жалғасады.  

Еңбекке қатысу коэффициенті қағидаты бойынша өндірістік персоналға сыйлықақы беруді дамыту бойынша жұмыс жалғасады - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕҚК (еңбекке қатысу коэффициенті) бойынша ай сайынғы сыйлықақы мөлшері 10% немесе тоқсан сайын 30% құрайтын барлық қызметкерлерге мөлшері ай сайын 15% - ке дейін немесе тоқсан сайын 45% - ке дейін ұлғайтылатын болады.

Бұдан басқа, ведомстволық наградалардың 23 жаңа түрі енгізілуде, ай сайынғы 5-тен 10% -ке дейінгі үстемеақылармен және наградалардың түріне байланысты 30-дан 60 АЕК-ке дейінгі мөлшерде біржолғы ақшалай төлемдермен 10 қолданыстағы наградалардың ребрендингі жүзеге асырылды. Мысалы, теміржол саласындағы адалдығы мен көпжылдық еңбегі үшін төсбелгімен марапатталғандарға теміржол саласындағы жұмыс өтіліне байланысты жыл сайын біржолғы үстемеақы:  

 - "Теміржол саласында 10 жыл мінсіз қызметі үшін" 100 000 теңге мөлшерінде;

- "Теміржол саласында 20 жыл мінсіз қызметі үшін" - 200 000 теңге; - "Теміржол саласына 30 жыл мінсіз қызметі үшін" - 300 000 теңге төленетін болады.

Әлеуметтік пакетті жақсарту және теміржолшылардың қолайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмыстар жалғасады. "ҚТЖ" ҰК" АҚ елдегі ең ірі жұмыс беруші бола отырып, тұрақты негізде қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударып келеді.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті