Павлодар конструкторлық-сынақ орталығында жаңа өндіріс игерілді

Жаңалықтар
13.01.2025, 15:55
Оқуға 2 мин

2024 жылы “ҚТЖ” ҰК” АҚ Магистральдық желі дирекциясының Павлодар конструкторлық-сынақ орталығында (КСО) жол шаруашылығына арналған 13 800 астам құрал дайындалып, 400-ден астам шағын механикаландыру мен техника жөнделді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Компания құрылымдық бөлімшелерінің жыл сайынғы жоспарлы тапсырмаларын орындаумен қатар, орталық стандартты емес мәселелерді де шешумен айналысады. Техникалық құжаттама мен сызбаларды әзірлеп, монтаждау мен сынауға қатысады, күрделі техникалық шешімдерді іске асыруда өнертапқыштарға көмек көрсетеді.

Өткен жылы КСО мамандары өздеріне жаңа бағыт ашты. Әдеттегі жұмыстардан өзге, мамандар желілік кәсіпорындардың өндірістік цехтарын жабдықтауға арналған 1140 орындық жасады.

 - Орындықтарды жасамас бұрын тиісті өлшемдері бар эскиз дайындалды, оны біздің теміржолшылар мақұлдады. Материалдар мен бекіту элементтерінің мүмкіндігінше қарапайымы таңдалды. Бірінші сынақ партиясы Павлодар станциясының желілік цехтарында сыналды. Жұмысшылар оң баға берді: жиһаз функционалды, қарапайым және берік болып шықты. Осыдан кейін жол шаруашылығының басқа дистанциялары үшін де осындай өнім партиясын жасау туралы шешім қабылданды, - деді конструкторлық-сынақ орталығының бастығы Мұрат Макимов.  

Жаңа орындықтар табельдерде, жылыту пункттерінде, бағыттамалық бекеттерде, киім ауыстыратын бөлмелерде және басқа да үй-жайларда пайдалану үшін жол дистанцияларына бөлінді. Батыс аймақтың кәсіпорындарына 287 дана, оңтүстікке 155 дана, орталық, шығыс және солтүстік аймақтарға тарату үшін тағы 698 дана жөнелтілді.

Павлодар конструкторлық-сынақ орталығы жиһаз жасау бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті. Биыл тағы 1000 осындай орындық шығару жоспарлануда.

Жалпы, 2023-2024 жылдары Магистральдық желі дирекциясы қызметкерлердің еңбек және демалыс жағдайын жақсарту шеңберінде демалу үшін 312 модульдік ғимарат сатып алынды, 1224 жылыту пункті жабдықталды, 4320 бірлік шағын механикаландыру құралы, 9 мыңға жуық кеңсе техникасы, 3637 сөмке-контейнер сатып алынды, 436 ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды