«Көліктегі қауіпсіздік» профилактикалық іс-шарасында 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Жаңалықтар
27.01.2025, 18:16

Осы жылдың 23-26 қаңтары аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Көліктегі қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі ПД қызметкерлерінің айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ теміржол көлігі объектілерінде жазатайым оқиғаларды болдырмау.

Өткізілген ЖПІШ-тің 4 күнінде 1260 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде белгіленбеген жерлерден темір жолды кесіп өткені үшін – 634, ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін – 188, алкогольге қарсы заңнамаға тыйым салуды бұзғаны үшін – 111, белгіленбеген жерлерде сауда жасағаны үшін – 56 адам және т.б.

Көлік полицейлері пойыздарын аралап, тексеру кезінде жолаушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, сапарда жүрген кездерде жиі жоғалатын әмиян, ұялы телефон, планшет сынды бағалы заттарды бақылаусыз қалдырмауға кеңес берді. Ал оқу орындарында көлік объектілерінде жүріп-тұру ережелерін сақтау бойынша дәріс оқып, әуе және темір жол ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізді.

«Біздің міндетіміз – кез келген азамат, мейлі ол жолаушы болсын, көлік ұйымдарының жұмысшы болсын, оларға қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету. Кез келген қылмысқа тосқауыл қоя отырып, қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту», - деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Тәртіп сақшылары барлық жолаушыларға қауіптілігі жоғары аймақтарда жүріп-тұру ережелері туралы буклеттер мен жадынамалар таратты.

Естеріңізге сала кетейік, әр адамның азаматтық ұстанымына беріктігі мен жеке қырағылығы, яғни, полицияға құқық бұзушылықтар туралы дер кезінде хабарлауы (102 телефоны бойынша) жол жүру кезіндегі көптеген келеңсіздіктерді болдырмауға мүмкіндік береді.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты