Көлік полицейлері теміржол оқиғаларын тергеу бойынша семинар өткізді

Жаңалықтар
05.02.2025, 19:29
Оқуға 2 мин

Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ оқу орталығының базасында «Темір жол көлігіндегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға, оның ішінде есірткі мен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл» тақырыбында практикалық оқу-жаттығу өткізді.

Семинарға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Адилов, Көліктегі ПД басшылығы мен жедел-тергеу қызметтері, «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ның өкілдері, сондай-ақ Астана қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.  

Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген С. Адилов ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың ішкі істер органдарының алдына қойған басым міндеттеріне, атап айтқанда, криминалға қарсы іс-қимыл, бандитизмнің жолын кесу, қабылданған заңдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге тоқталды. Ол Заң мен тәртіп қағидатын іске асыруды қамтамасыз ету тәртіп сақшыларының басты міндеті екенін атап өтті. 

«Тергеу жұмысы заңгерлер үшін «өмір мектебі», сондықтан біз өз өмірін құқық қорғау органдарымен байланыстырғысы келетін жастарды қызметке қуана қабылдаймыз», - деді Санжар Аскенұлы. 

Сонымен қатар, ол жоғары оқу орындарының  профессорлық-оқытушылар құрамына өз істеріне шынайы берілгендіктері, төзім мен табандылықтары  үшін алғыс білдірді.

Бұдан соң, Көліктегі ПД бастығының орынбасары Мәлік Қайбар теміржол және әуе оқиғаларына байланысты қылмыстық істерді тергеу бойынша аумақтық бөліністерден ерекшеленетін Көліктегі ПД-нің қызметіне тоқталды.  

Аталған іс-шара барысында тергеу басқармасының қызметкерлері студенттерге пойызбен қағып кету және кісі өлтіру фактісі бойынша оқиға орнын тексеруді дрондарды қолдана отырып, практикалық сабақ өткізді. Полицейлер тергеу бөлімшелері мен анықтау органдары қызметінің маңыздылығы мен қылмыстарды тергеудегі жаңашылдықтар туралы айтты. Олардың айтуынша, істі тергеу кезінде тергеуші болған оқиғаның шынайы бейнесін анықтауға міндетті. Оқиға орнын дұрыс тексеру қылмыстық іс бойынша дәлелдердің негізгі көзі және сәтті тергеудің кепілі болып табылады.

Өз кезегінде жедел-криминалистикалық басқармасының мамандары қылмыс іздерін анықтауға, алуға және тіркеуге арналған заманауи криминалистикалық техникалар мен құрылғыларды көрсетті. Ал кинологтар мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттерімен тыйым салынған заттарды табу бойынша және  киберқылмыстарының  зардаптары  жөнінде практикалық сабақ өткізді.

Басқосу соңында Санжар Адилов жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін еліміздің  ішкі істер органдарына қызметке келуге ынта білдірген бірқатар студентке шақыру қағазын берді. 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті