ҚТЖ басшылығы өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шараларға инспекция жүргізуде

Жаңалықтар
20.02.2025, 16:44
Оқуға 2 мин

Көктемгі су тасқыны маусымына дайындық аясында ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Алдыбергеновтың төрағалығымен барған комиссия Алматы - Шу - Тараз теміржол учаскесіне инспекция жүргізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Көшпелі тексерудің негізгі мақсаты – инфрақұрылымның ықтимал су тасқынына дайындығын және су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізудің тиімділігін бағалау.

Инспекция барысында жол дистанциясы мен мамандандырылған көпір жасақтары (МКЖ) су тасқынына белсенді дайындалып, шайып кетуге қарсы пойыздар құрып жатқаны атап өтілді. Бұл пойыздар су тасқыны қаупіне жедел әрекет ету үшін қажетті құрал-жабдықтармен және материалдармен жабдықталған. Пайдаланылып жатқан 598 жасанды құрылыстың 82% қардан тазартылған, тасқын суларды өткізу кезінде теміржол желілері үшін қауіп анықталған жоқ.

Шу-Түрксіб учаскесіне ерекше назар аударылды. Мұнда Түрксіб-Қорағатты аралығының 3646 шақырымында комиссия Ағадыр станциясы Жол машиналандырылған станциясының (ПЧМ) апатқа қарсы бригадасының 50 қызметкерімен кездесу өткізді. Бригада Түрксіб станциясын және оған іргелес Түрксіб-Қорағатты аралығын сауықтырады.

Өткен кезеңде учаскеде инфрақұрылымды жаңарту бойынша елеулі жұмыстар орындалды: темірбетон негіздегі 14 бағыттамалық бұрма алмастырылды, 2274 шпал темірбетонға ауыстырылды, сондай-ақ 1500 метр түйіспесіз жолдың рельсті торлары мен 530 метр рельс төселді. Қорағатты-Түрксіб аралығының 6,4 км бойы бекіткіштерді ауыстыру да жүргізілді.

Жол монтерлерімен әңгімелесу барысында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының өсуі атап өтілді, бұл жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартудағы маңызды қадам болды.

Сонымен қатар, сапар аясында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Тоқановпен кеңес өтіп,  онда өңір құрылымдарының көктемгі су тасқыны маусымына дайындығы талқыланды.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті