«Жас Темір» – жас мамандар мүмкіндігі

Жаңалықтар
21.03.2025, 09:10
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да салаға жас мамандарды даярлау мақсатындағы "Жас темір" тағылымдама бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Ол  теміржол мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге жаңа перспективалар ашуда. Кеше осы бағдарламаға қатысушылармен кездесу өтті.  

Әу бастан "Жас темір" тағыламдама бағдарламасы теміржол саласында мансап құрғысы келетін жас мамандарды қолдау мен дамыту мақсатында әзірленген болатын. Ол бейінді оқу орындарын бітіріп, тәжірибе жинап, жұмыс жағдайына бейімделіп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға ниет еткен түлектерге бағдарланған еді. Тағылымдама ҚТЖ-ның әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде 3 ротацияны құрап, бір жыл жарымға созылады, осы уақыт ішінде тағылымдамадан өтушілер нақты жұмыс процестерімен танысып, тәжірибелі жетекшілердің жетекшілігімен өндірістік міндеттерді орындап, заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын үйренеді.  

Еске сала кетсек, "Жас темір" бағдарламасының бірінші ағыны 2022 жылы бастау алған-ды. ҚТЖ-ның мамандарға сұранысын талдай  отырып және оқу орындарымен тиімді ынтымақтастық орната отырып,  Адами ресурстарды басқару департаментінің HR қызметкерлерімен ЖОО түлектері арасында байқау жарияланып, іріктеу жүргізілген еді.  

"Байқаудың іріктеу кезеңдеріне 38 жас маман қатысты. Бірақ, олардың арасынан бесеуі жеңімпаз деп танылды және әртүрлі құрылымдық бөлімшелерде тағылымдамадан сәтті өтіп, 2024 жылы ҚТЖ-ға жұмысқа тұрды. ҚТЖ басшылығы бұл бағдарламаның тиімді оң көрсеткіштерін негізге ала отырып, бұл бағдарламаны өткен жылы жалғастыруға шешім қабылдады. Осылайша, 2024 жылдың мамыр айында бастау алған бағдарламаның екінші ағынына бұл жолы 37 өтінім келіп түсті. Алайда, байқау қорытындысы бойынша бағдарламаға 8 жеңімпаз өтті. Олар ҚТЖ-ның бөлімшелерінде – "Магистральдық желі дирекциясы" филиалында, "ҚТЖ-Жүк тасымалы", "ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері" компанияларында таңдаған мамандықтарың бойынша тәжірибе жинақтап, бірінші ротациядан өтіп жатқан мына сендерсіңдер", – деді кездесу кешіне жетекшілік еткен ҚТЖ-ның HR бизнес-серіктесі Алма Сәулебаева.  

Бұдан кейін сөз кезегі тағылымдамашы жас мамандар мен олардың тәлімгерлеріне берілді. Жас мамандар бірінші ротация қорытындысы бойынша өздерінің алған тәжірибе-тағылымдамаларын слайдтар арқылы көрсетіп, таныстырылымын жасады.  

"Жас темір" бағдарламасына қатысушы алты жас маман – Елеусізов Бибарыс, Саметова Айым, Сақтағанов Райбек, Сейдулла Назира, Иманғазина Снежанна, Тілегенова Гүлмира "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС мен оның өңірлік филиалдарында, Олжас Сәрсенғалиев "Жолаушылар локомтитері" ЖШС-да, ал Биязы Бисенова Компанияның "Магистральдық желі дирекциясы" филиалында тағылымдамадан өтіп жатыр екен. Жас мамандар хақында тәжірибелі тәлімгерлер де ой бөлісіп, олардың жұмыстарына ұқыпты, жауапты қарап, тыңғылықты орындайтынын және өздері таңдаған мамандықтарының қыр-сырына терең қанығып, білулеріне қызығушылықтары зор екенін атап өтті. Барлық тәлімгерлер бірінші ротация жұмысы бойынша қамқорлықтарына алған жас мамандарға оң баға берді.  

Атап өтерлігі, жас мамандар тағылымдама барысында өндірістік жұмыстарға қатысып қана қоймай, ҚТЖ-ның әлеуметтік өміріне де, "Тұрақты даму", "Тиімді коммуникациялар", "Шешендік шеберлігі" сияқты іскерлік дағдылар мен құзіреттілікті дамытуға бағытталған тренингтерге белсенді қатысып келеді.  

Алда стажерлерді жаңа дағдыларды, тренигтер мен белсенді әлеуметтік өмірді игеруге мүмкіндік беретін тағы 2 ротация күтіп тұр. Бұл ротациялар жас мамандарға өндірістік тәжірибе жинақтаумен қатар өздерінің жеке қабілет-қасиеттерін жан-жақты ашып, көрсетуге, дамытуға мүмкіндік бермек. Ал бағдарлама аяқталысымен, тағылымдаманы сәтті аяқтап, өндірістік тапсырмаларды орындау барысында жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздар ҚТЖ компаниясына жұмысқа тұру және өзінің кәсіби мансабын жалғастыру мүмкіндігіне ие болмақ.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты