Мас жолаушы әйел Көкшетауға барар жолда пойыздан түсірілді

Жаңалықтар
02.06.2025, 13:42
Оқуға 1 мин

Осы жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 38 568 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кескен, оның ішінде 2791 факт - спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу, 273 факт - ұсақ бұзақылық және басқа да құқық бұзушылықтар, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осындай жағдайлардың бірі 28 мамырда «Қызылорда–Көкшетау» бағытындағы жолаушылар пойызында орын алды. Сарышаған станциясында пойыз бастығының актісі бойынша көлік полицейлері 38 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғынын түсіріп тастады. Әйел адамның мас күйінде болғаны, бейәдеп сөздер айтып, өзге жолаушыларға кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Медициналық куәландыру нәтижесі оның орташа дәрежеде мас болғанын көрсетті. Әйел адам қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қосымша тексеріс барысында аталған азаматшаның бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды.

Көліктегі ПД пойыздағы тәртіпке әрбір жолаушы жауапкершілік артатынын еске салды. Алкогольдік ішімдіктер ішу, дөрекі мінез-құлық көрсету мен жанжал шығару – өзгелердің құқығын бұзу болып саналады әрі құқыбұзушы міндетті түрде тиісті жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды