Теміржолшылар мемлекеттік тілді қаншалықты біледі?

Жаңалықтар
04.06.2025, 15:09
Суретті түсірген Олжас Ахметов
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

2025 жылғы 4 маусымда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының орталық аппаратында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында тестілеу өткізілді. Бұл шараға орталық аппараттың, тораптық деңгейдегі филиалдардың және Астанадағы еншілес ұйымдардың 200-ден астам қызметкері қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тест Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүргізілуде. Атап айтқанда, 2023 жылғы 22 қарашада бекітілген №912-ЦЗ бұйрығына сәйкес, ҚТЖ қызметкерлері үшін «Қазтест» жүйесі арқылы мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау көзделген.

Аталған тұжырымдамада мекеме қызметкерлерінің әр жылдары мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша нақты меже көрсетілген. Биыл еліміздегі әр ұлттық компания қызметкерлерінің кемінде 39 пайызы В1, яғни тілді орта деңгейде меңгеруі керек. Мемлекеттік тілді дамыту секторының басшысы Ербол Тоқтағазы былтыр компания қызметкерлерінің тілді меңгеру көрсеткіші 68, пайыз шамасында болғанын айтады.

– Былтыр 3,5 мыңдай қызметкер «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тест тапсырды. Оған бүкіл «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелері, филиалдары, еншілес ұйымдары мен өңірлердегі қызметкерлер қатысты. Сонда қызметкерлердің 68 пайызы В1 және одан жоғары көрсеткішке қол жеткізді, – дейді Е. Тоқтағазы.

2025 жылы мың жарымдай қызметкер «Қазтест» арқылы өз білімін тексерген. Сәуір және мамыр айларында Тараз, Түркістан, Ақтау, Ақтөбе, Семей, Өскемен және Алматы қалаларында қызметкерлер осындай тестке қатысып, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін анықтаған.

– Бұл тестті негізінен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді. Біз қызметкерлердің тізімін әзірлеп, олардың қатысуын қамтамасыз етеміз. Одан бөлек, «Қазтестің» маңыздылығын түсіндіріп, мемлекеттік тілді білудің қажеттілігі туралы мәлімет береміз. Әр бөлімшеге тест тапсырушылар бойынша бөлінген лимиттің толықтай орындалуын бақылаймыз. Қызметкерлерді рандомды, яғни кездейсоқ таңдау әдісімен іріктеп жатырмыз. Компаниямызда 118 мың адам бар, біз оның барлығын қамти алмаймыз. Жоспар бойынша әр жылы кемінде 3 мың адамды қамтысақ, 2029 жылға дейін бар болғаны 18 мыңдай қызметкерді тесттен өткізе аламыз. Қатысушылар тестке онлайн қатыса алмайды, тек қағаз түрінде тапсырады, – дейді Мемлекеттік тілді дамыту секторының басшысы.

Бұл диагностикалық тест қызметкердің тілді қаншалықты меңгергенін анықтау үшін қажет. Оның нәтижесі қызметкер жұмыс істеп отырған құрылымға немесе бөлімшенің тілді білу көрсеткішіне әсер етеді. Тіпті, ҚТЖ бойынша жалпы мемлекеттік тілді меңгеру көрсеткішіне ықпал етеді.

Ербол Тоқтағазы «Қазтест» – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің таптырмас құралы екенін айтады. Өйткені бұл жүйе арқылы тілді үйренуге қажеттілік артады.

– Тест тапсырудың екінші түрі бар, ол – сертификаттық. Оған әр қызметкер өз қалауы бойынша ақылы түрде қатыса алады. Бұл тест ҰБТ секілді қатаң тәртіппен, компьютер арқылы өткізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсуі үшін немесе жоғары қызметке ауысқанда «Қазтест» тапсыру міндетті. «Болашақ» бағдарламасымен оқитындар, докторантураға түсетіндер де осы тесттен өтеді. Қазір бұл жүйеге азаматтық алғысы келетіндер сияқты өзге де санаттар қосылып жатыр. Сондықтан «Қазтест» тілді үйренуге итермелейтін маңызды құралға айналып отыр, – дейді ол.

«ҚТЖ» ұлттық компаниясында ұйымдастырылып жатқан «Қазтест» диагностикалық тестілеуі – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Бұл шара қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін арттырып қана қоймай, ұжымдағы тіл саясатына деген жауапкершілікті де күшейтеді. Жүйелі түрде жүргізіліп жатқан тестілеу арқылы компания Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыруға өз үлесін қосып, мемлекеттік тілді дамытудағы міндеттерді кезең-кезеңімен орындап келеді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті