Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Қауіпсіздік
02.03.2026, 12:54
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Әскерилендірілген теміржол күзетінің жергілікті құрылымы Шиелі станциясы аумағында қауіпсіздік шараларын күшейтіп, пойыз қозғалысы мен тұрғындардың амандығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.  

Әскерилендірілген теміржол күзетінің Шиелі атқыштар тобының бастығы Жандос Тармановтың мәліметіне сүейенсек, биылғы екі айда  521 пойыздың 19 103 вагоны күзетке алынып, ерекше жұмыс режимі аясында толық бақылаудан өткізген. Әр құрамның қозғалысын жіті назарда ұстауда. Қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты берілген барлық нұсқаулықтар мен тапсырмалар толық көлемде орындалып келеді.

Темір жол – маңызды нысан әрі аса қауіпті аймақ. Әсіресе адам факторының рөлі айрықша. Осы мақсатта Әскерилендірілген теміржол күзеті мен желілік полиция бөлімшесі қызметкерлері Шиелі кентіндегі жол бойына жақын орналасқан №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушыларымен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында теміржол аймағында жүру ережелері, қауіпсіздік талаптары және абайсыз әрекеттің салдары кеңінен түсіндірілді. Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлері балаларға теміржол бойында ойнаудың, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің қаншалықты қауіпті екенін нақты мысалдармен жеткізіп, темір жолдың аса қауіпті аумақ екендігі жайлы ақпараттық, ескерту парақтары тапсырылды.

Әскерилендірілген теміржол күзетінің Шиелі тобының бастығы Жандос Тарманов теміржол қауіпсіздігі оларға сеніп тапсырылған аманат екенін айтады.

– Әр вагон, әр құрам біздің жауапкершілігімізде. Біз тек жүктің сақталуын ғана емес, станция аумағындағы жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Тәулік бойы қырағылық танытып, кез келген қауіптің алдын алуға дайын тұруымыз керек. Тәртіп пен талап  үндестігі сақталуы тиіс. Қауіпсіздік мәселесінде әсіресе балаларға бағытталған түсіндіру жұмыстары аса маңызды. Балалар темір жолдың нақты қаншалықты қауіпті екенін толық сезіне бермеуі мүмкін. Сондықтан біз мектептерге барып, ашық әңгіме өткіземіз. Оларға пойыздың тоқтау қашықтығы, жылдамдығы, теміржол маңындағы ойынның қауіптілігі туралы түсіндіреміз. Басты мақсат – олардың санасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Бір баланың өмірін сақтап қалу – біздің ең үлкен жетістігіміз, – дейді Жандос Тарманов.

Аймақ көлемінде өтіп жатқан «Назар аудар, жолда адам!» және «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша ерекше жұмыс режимі» айлықтары шеңберінде де кешенді іс-шаралар қолға алынған. Бұл бастамалардың түпкі мақсаты – әр азаматтың темір жолдың аса қауіпті аймақ екенін терең түсінуіне ықпал ету.

 

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты