Қазақстан мен Тәжікстан транзиттік мүмкіндіктерді дамытуға келісті

Жаңалықтар
07.08.2025, 18:56

Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың «Роҳи оҳани Тоҷикистон» МУК бастығы Комил Мирзоалимен кездесуі Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзоданың және ТР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттік директоры Нұрмахмад Ахмадзоданың қатысуымен өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Тараптар теміржол көлігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды талқылады. Қазақстан мен Тәжікстан арасында жүк тасымалдау көлемін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылды.

"ҚТЖ "ҰК" АҚ және «Роҳи оҳани Тоҷикистон» МУК басшылығы елдер арасындағы теміржол қатынасын дамытуға бағытталған әріптестік қатынастарды нығайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.  

Атап айтқанда, екі елдің қатысуымен жүктерді тасымалдау көлемі; ресейлік мұнай өнімдерін Қазақстан аумағы арқылы Тәжікстанға тасымалдау; қазақстандық алюминий тотығын экспорттау; пековоздар және басқа да мәселелер талқыланды.  

Қазақстан мен Тәжікстан аумақтары бойынша жүктерді темір жол көлігімен тасымалдаудың оң динамикасы атап өтілді. 2025 жылғы 7 ай қорытындысы бойынша тасымалдардың жалпы көлемі 3,1 млн тоннадан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15% артты. Ресейден Қазақстан аумағы арқылы Тәжікстанға мұнай өнімдерін тасымалдау транзиті 713,1 мың тоннаны құрады (2024 жылға қарағанда 33% өсті). Сондай-ақ, аталған кезеңде Тәжікстанға қазақстандық астық тасымалының 38,8% айтарлықтай өсуі байқалды.  

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар "ҚТЖ "ҰК" АҚ мен «Роҳи оҳани Тоҷикистон» МУК арасындағы екіжақты кездесу хаттамасына қол қойып, көлік әлеуетін дамыту және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында тығыз ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ екі елдің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейту үшін берік негіз құруға дайын екендіктерін білдірді.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады