ҚТЖ сатып алу жүйесіне жасанды интеллект енгізіп, отандық өндірісті қолдайды

Жаңалықтар
12.09.2025, 12:56
Оқуға 2 мин

«Burabay Express» электропойызында журналистермен кездесу өтті. Жиын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның сатып алу қызметіне арналды. Жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директор Илья Мещеряков атап өткендей, бүгінгі таңда ҚТЖ-ның сатып алулары компанияны қажетті тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз етумен қатар, Қазақстан экономикасын дамытудың құралына айналып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚТЖ қазақстандық қамтуды дамыту мен импортты алмастыруға басымдық беруде. 2025 жылы компания отандық кәсіпорындармен 1 400-ден астам келісімшартқа және 87 млрд теңгеден асатын сомаға 17 оффтейк-келісімшартқа қол қойды. Соңғы бес жыл ішінде жалпы сомасы 250 млрд теңгеге оффтейк-келісімшарттар жасалып, бұл жаңа өндірістерді іске қосуға және өңірлерде жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

«Біз сатып алуды отандық өндірушілерді қолдау тетігі ретінде қарастырамыз. Қазақстандық кәсіпорындардың сатып алуға қатысуы және қаражаттың ел экономикасында қалуы біз үшін маңызды», — деді Илья Мещеряков.

Заманауи категориялық тәсіл 48 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

ҚТЖ техникалық тапсырмаларды талдап, оларды нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеретін жасанды интеллектті белсенді енгізуде. Бұл жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, тендерлік рәсімдерді жеделдетуге және сатып алудың ашықтығын арттыруға жағдай жасайды. Жасанды интеллект ҚТЖ-ның күнделікті жұмысының бір бөлігіне айналып, компанияның тиімділігін арттыруға көмектесуде.

2025 жылы компания медициналық қызмет көрсету саласындағы стратегиясын жаңартып, медициналық тексерістерді цифрландыруды, жеткізушілер үшін KPI енгізуді және ұзақмерзімді келісімшарттар жүйесін іске асырады. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін жұмыс істеудің неғұрлым тұрақты жағдайын қалыптастырады және компания қызметкерлерінің әлеуметтік стандарттарын арттырады.

ҚТЖ-ның сатып алу саясаты — бұл тек қаржы үнемдеу ғана емес, сондай-ақ отандық өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және болашақ технологияларын енгізуге қосқан үлес.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды