ҚТЖ мен РЖД стратегиялық ынтымақтастық бойынша басым бағыттарды айқындап алды

Жаңалықтар
15.09.2025, 17:18

Владивосток қаласында (РФ) «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» ААҚ стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобының XVI отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар теміржол көлігі саласындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде, оның ішінде түйіспелердегі жағдай және локомотивтер мен локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастыру, электрондық жүкқұжаттар бойынша тасымалдау көлемін ұлғайту туралы мәселелерді қарады. 

2025 жылдың 8 айында ҚР мен РФ арасындағы тасымалдау көлемі 58,3 млн. тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% немесе 1,8 млн.тоннаға ұлғайды, оның ішінде Қазақстаннан Ресейге/Ресей арқылы экспорттық жүк ағыны 35,3 млн. тоннаны құрап, 6,8% немесе 2,2 млн тоннаға артты.

Атап айтқанда, ҚР-дан РФ арқылы көмір экспорты 8 млн.тоннаны құрап, 36,4% немесе 2,1 млн. тоннаға өсті, РФ арқылы астық тасымалы 1,5 млн. тоннаны құрап, 5,3 есеге немесе 1,2 млн. тоннағажұлғайды.

Екі елдің темір жолдары делегациясының басшылары Мемлекетаралық түйісу пункттерінің (МАТП) тиімділігін арттыру жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарда жүк ағынының ұлғаюын ескере отырып, түйіспелерді жедел дамыту үшін бірлескен қадамдар мен мерзімдер тіркелген.

Сондай-ақ, тараптар ағымдағы жылдың соңына дейін қол қоюға жоспарланып отырған 2030 жылға дейін МАТП-ны дамыту және «Солтүстік-Оңтүстік» ХТД-ның шығыс бағытын дамыту туралы келісімдердің мәтіндерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Тараптар стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының келесі отырысын Қазақстанда 2026 жылдың I-ші жартысында өткізуге уағдаласты.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?