ҚТЖ-ның LED-экранында батыр-теміржолшылар туралы бейнеролик ұсынылды

Жаңалықтар
28.01.2026, 08:44

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Әкімшілік ғимаратының LED-экранында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз еткен теміржолшылар туралы «Батырлар біздің арамызда» кезекті бейнеролигі ұсынылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бейнематериалда стандартты емес және ықтимал қауіпті жағдайлар туындаған кезде жауапкершілік, тәртіп пен құзыреттіліктің жоғары деңгейін көрсеткен теміржол саласының 27 қызметкерінің кәсіби іс-әрекеттері көрсетілген.

Бейнеролик кейіпкерлері қатарында локомотив бригадаларының қызметкерлері, депо бойынша кезекші, вагондарды тексеруші-жөндеушілер, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша тексерушілер, пойыздарды құрастырушы, электромеханиктер, жол монтері және жол шебері бар. Олардың қырағылығы мен уақтылы іс-қимылдары арқасында автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен теміржол өткелдерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алынып, рельстердің сынуы, автотіркегіш құрылғылардың жарықтары анықталды, сондай-ақ жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуінің алды алынды.

Жедел әрекет ету және жұмысшылардың кәсібилігі пойыздар қауіпсіздігі мен тасымалдау процесінің тұрақтылығы үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін оқиғалардан  сақтады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ күн сайын еліміздің барлық аумағында пойыздардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін өз қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдіреді. Олардың жауапкершілігі, қырағылығы және мамандыққа деген адалдығы бүкіл ұжым үшін үлгі болып табылады.

Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд