Қазақстан мен Ресей теміржолшыларының кәсіподақтары шекара маңындағы өзара іс-қимыл туралы Меморандумның орындалуын талқылады

Жаңалықтар
22.04.2026, 11:27
Оқуға 2 мин

Сочиде Теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық конфедерациясының өзара іс-қимылын дамыту және ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған екі күндік семинар өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл іс-шара тәжірибе алмасуға, әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылауға және Қазақстан мен Ресей кәсіподақтарының жұмысын үйлестіруге арналған алаңға айналды.

Басты тақырып - ҚАЗКӨЛІККӘСІП пен РОСПРОФЖЕЛ арасындағы шекара маңындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумның орындалу барысы. Қатысушылар еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді дамыту және екі елдің шекаралас теміржол аймақтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша қол жеткізілген келісімдердің қалай жүзеге асырылып жатқанын талқылады.

Кәсіподақ тәжірибесімен алмасуға, ұжымдық-шарттық жұмысты жетілдіруге, еңбекті қорғауға, өндірістегі қауіпсіздікке және теміржолшыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылды.

Семинарға ҚАЗКӨЛІККӘСІП төрағасының орынбасары Аман Төреғожин, Алматы филиалы төрағасының орынбасары Медет Бұрымбаев, Алматы ЖҮ (ГП) бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Қарабалаев, сондай-ақ Ресей мен Грузия кәсіподақтарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар тұрақты кездесулердің маңыздылығын атап өтті: олар қызметкерлердің құқықтарын қорғауда бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге және саладағы мәселелерге жедел жауап беруге көмектеседі. Екі күннің қорытындысы бойынша тараптар меморандум ережелерін бірлесіп іске асыруды жалғастыруға, әріптестік байланыстарды кеңейтуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендіктерін растады.

«Сочиде өткен семинар Қазақстан мен Ресейдің теміржол кәсіподақтары арасындағы достық қарым-қатынасты дамытудағы кезекті маңызды қадам болды, сондай-ақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өз үлесін қосты», - деп атап өтті Аман Төреғожин.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды