Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды

Жаңалықтар
14.09.2026, 09:20
Оқуға 1 мин
Сурет: Көліктегі ПД

Көлік полицейлері жыл басынан бері теміржол нысандарында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен есірткі заттарын заңсыз тасымалдау мен сақтауға қатысты 74 құқық бұзушылықты анықтағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі полиция департаментінің кинолог-мамандары қызметтік иттермен бірге теміржол вокзалдары мен жолаушылар пойыздарында тұрақты профилактикалық және іздестіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Тексеру барысында жүк бөлімшелері, сақтау камералары мен күту залдары қамтылады.

Сонымен қатар еліміздің оңтүстік өңірлерінен келетін және Қырғызстан мен Өзбекстан бағытында қатынайтын халықаралық жолаушылар пойыздарына ерекше назар аударылады. Теміржол арқылы тасымалданатын пошта жөнелтілімдері мен бандерольдер де тұрақты тексеріледі.

Жыл басынан бері көлік полицейлері қызметтік иттерді жалпы 3335 рет қолданған. Нәтижесінде 78 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, заңсыз айналымнан 160 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді.

Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі теміржол көлігі нысандарына тиесілі. Атап айтқанда, 63 дерек теміржол вокзалдарында, тағы 11 дерек жолаушылар пойыздарында тіркелген.

Ірі фактілердің бірі биыл маусым айында «Қарасора–2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды. Түрксіб станциясының аралығында қызметтік-іздестіру итінің көмегімен 103 келіден астам марихуана табылып, тәркіленді. Нәтижесінде есірткі жеткізудің ірі арнасының жолы кесілді.

Көлік полициясының кинологтары қызметтік иттердің есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын жетілдіру үшін тұрақты түрде жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті