Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді

Жаңалықтар
15.09.2026, 10:20
Оқуға 2 мин
Фото: Министерство транспорта Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысының көлік инфрақұрылымы саласындағы жобалардың іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері Ақтау теңіз сауда порты, Құрық порты және Ақтау халықаралық контейнерлік хабының қызметін таныстыру кезінде қаралды. Ақтау портының жылдық өндірістік қуаты 11,8 млн тонна, Құрық портының өткізу қабілеті 6 млн тонна, ал Ақтау халықаралық контейнерлік хабының жобалық қуаты жылына 240 мың жиырма футтық эквивалент контейнерге жетеді. Оның бірінші кезеңі 2026 жылғы наурызда пайдалануға берілді. Аталған нысандардың дамуы Каспий теңізі арқылы жүктасымалын ұлғайтуға және ҚазақстанныңТранскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ жұмыс сапары аясында Маңғыстау теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының жүзеге асырылу барысы көрсетілді. Нысанның дайындық деңгейі, жобаны іске асыру қарқыны және құрылыс жұмыстарының орындалуы туралы ақпарат ұсынылды.

Қолданыстағы вокзалдың орнына қауіпсіздік, жайлылық және қызмет көрсету сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін жолаушыларға арналған заманауи кешен қалыптастырылуда. Реконструкция жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимараттың жалпы алаңы 763,7 шаршы метрден 8 899 шаршы метрге дейін ұлғаяды.

Жаңартылған вокзалда кең әрі жайлы күту залдары, билет кассалары, жолаушыларға қызмет көрсету аймақтары, ана мен бала бөлмесі қарастырылған. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға көңіл бөлінуде. Маңғыстау вокзалын қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында еліміздің теміржол инфрақұрылымын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл