Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері

Жаңалықтар
15.09.2026, 10:48
Оқуға 2 мин

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев бастаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Болгариядағы Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығының (ТХКБ) жұмыс тобы Орта дәлізді үйлестірумен және дамытумен айналысатын қауымдастықтың тұрақты жұмыс органы болып табылады. 2017 жылы белсенді жұмысын бастаған қауымдастық 11 ел мен теміржол әкімшіліктері, порттар, кеме қатынасы және логистикалық кәсіпорындарды қоса алғанда 26 жетекші компанияны біріктіреді.

Іс-шара ТХКБ-ны дамытуға бағытталған стратегиялық шешімдерді әзірлеу үшін көлік-логистика саласының жетекші сарапшылары мен басшыларының басын қосты.

Жұмыс тобының мүшелері 2026 жылдың алғашқы сегіз айында ТХКБ маршруты бойынша жүктерді тасымалдау көлемі туралы есепке талдау жүргізіп, халықаралық аренада дәліздің тұрақты өсу серпінін және жоғары сұранысын атап өтті. Пікірталаста контейнерлік тасымалдарды тиімділік пен сенімділіктің жаңа деңгейіне шығаруға арналған жаңа реттеу тетіктерін талқылау ерекше орын алды. Атап айтқанда, тараптар маңызды құжаттардың: Арнайы кемелерді пайдалана отырып, контейнерлік пойыздар құрамында жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі өзара іс-қимыл және жауапкершілік шаралары туралы келісімдер, сондай-ақ осы Контейнерлік кемелердің кепілдендірілген жүктемесін қамтамасыз ету туралы келісім жобаларын қарады. 

Дәлізді дамытудың кешенді тәсілі жүктерді тасымалдаудың жалпы өзекті мәселелерін және бәсекеге қабілетті тарифтік саясатты қалыптастыруды да қозғады. Сарапшылар жүк жөнелтушілер үшін барынша тартымды коммерциялық жағдайлар жасауға ұмтыла отырып, бас жүктерді және контейнерлерді тасымалдауға арналған 2027 жылға арналған тарифтік ставкалар бойынша жоспарларды қарастырды. 

Қатысушылар сонымен қатар маршрут бойынша тасымалдарды дамытуға бағытталған ағымдағы мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Қытайдан ТХКБ бойынша контейнерлік транзитті 2026 жылы 600 пойызға дейін және 2027 жылы 800 -1000 пойызға дейін ұлғайту, маршрутқа қосымша теңіз флотын тарту, Каспий теңізі порттарында айлақтардың жұмыс істеуі.

Сондай-ақ, делегаттар Азия мен Еуропа арасындағы жіксіз, қауіпсіз және жоғары технологиялық көлік дәлізін нығайтуға, процестерді цифрландыруға және синергияға жалпы бағытталғандығын растай отырып, бірқатар операциялық мәселелер бойынша пікір алмасты. 

2026 жылғы 8 айдың қорытындысында ТХКБ бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 44,2 мың ЖФБ-ны құрады (оның ішінде Қытайдан 419 контейнерлік пойыз). 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда контейнерлердегі тасымалдау көлемі 58%, ал контейнерлік пойыздар саны 84% өсті. 2025 жылдың 8 айында 28 мың ЖФБ, 228 контейнерлік пойыз тасымалданды. 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды