Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді

Жаңалықтар
15.09.2026, 18:00
Оқуға 1 мин

2026 жылғы 14 қыркүйекте сағат 14:15-те Қарағанды – Сұрыптау – Ақадыр учаскесінде өтіп бара жатқан пойыз машинисі темір жолды бөліп тұрған жолақта қамыстың өртенгенін анықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Өрт ошағы темір жол төсемінен  6 метрде болған, ал жалпы жанып кеткен алқапкөлемі 0,7 га жеткен. Машинист Қарағанды-Сұрыптау станциясы бойынша кезекшіге жедел ақпарат берген.

Отпен күресу үшін Қарағанды станциясының өрт сөндіру пойызы, сондай-ақ Қарағанды қаласының ТЖД күштері мен құралдары тартылды.

Сөндіруге жеке құрамның 25 адамы және арнайы техниканың 5 бірлігі қатысты. Өрт ошағын жоюға арналған судың жалпы шығыны 90 тоннаны құрады. Үйлестірілген іс-қимылдардың арқасында 17:04-те өрт оқшауланып, 19:58-де толығымен жойылды.

Оқиға теміржол көлігінің жұмысына әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер мен жазатайым оқиғалар орын алған жоқ. Инфрақұрылымның, жолдың, СОБ, байланыс пен электрмен жабдықтау құрылғыларының бұзылуына жол берілмеді. Пойыздардың қозғалысында кідірістер тіркелген жоқ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Өрт сөндіру пойыздары тәулік бойы кезекшілікті жалғастырып, жедел әрекет етуді және темір жолдарды бөліп тұрған  жолақта қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды