Халықаралық қауымдастық мақсаты – Middle Corridor дәлізін дамыту
Жаңалықтар
08.12.2017, 11:37
2018 жылы Қытай мен Еуропа, Түркия арасын жалғайтын транзиттік контейнер тасымалы үзіліссіз жалғасуы керек. Қазақстанның астанасында кезекті жалпы жиналысын өткізген «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығы» ЗТБ-нің қатысушылары осыған мүдделі.
Сондықтан, отырысқа төрағалық еткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев аталған бағытта тасымал қатынасының толассыз екеніне клиенттердің әбден көзі жеткенше, контейнерлік жүктерді ең кемі екі аптада бір рет үзбей жөнелтіп отыру қажет деген ұсынысын жеткізді.
Бас қосудың күн тәртібінде бұдан басқа басқарма құрамының өзгеруі, бекітілген тариф бағасына түзетулер енгізу, контейнерлік тасымал мәселелері қозғалды. Екі күнге созылған шараны 6 желтоқсандағы отырыста қорытындылаған бірлестік мүшелері сондай-ақ тариф бағасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарын да сөз етті.
– Биыл Баку – Тбилиси – Карс теміржол бағдарының ашылуымен байланысты біздің темір жол тасымалы бойынша үлкен мүмкіндіктеріміз ашылуда. Күні бүгін телекөпір арқылы Елбасымыз да осыны баса айтты. Жасайтын жұмыс көп. Қытайдан Түркияға сынақтық контейнер жүк жөнелтілгенін білеміз. Клиенттер де талаптарын жазды. Солардың бәрін келесі жылы орындауымыз керек. Шартты түрде айтқанда, ең өзекті мәселе – жеткізу мерзімі болып отыр. Бүгінде аталған бағытта контейнерлер жеткізу 20 күн уақыт алады. Бұл тым ұзақ. Біз осы мерзімді қысқартып, тым болмаса 14-15 күнге азайтуымыз керек. Сол үшін біздің ортақ есебіміз бар, барлық қатысушыларға келесі отырысқа осы мәселе бойынша дайындалып, жұмыс картасын жасауды ұсынамын. Бұл өте маңызды, – деді Қанат Алпысбаев.
Ал жиынның күн тәртібіндегі бастапқы жоспар бойынша бұған дейін «ТХКБ» қауымдастығы құрамына кіруге ниет білдірген Түркия темір жолы әлі де мемлекеттік органдармен өзара келісімге келіп үлгермегендіктен бұл жолы мүшелікке өтпей, тек бірлестік жұмысымен танысумен ғана шектелді. Бұл туралы Түрік темір жолдары – JSC «TCDD» Transportation бас директоры Вейси Курт осы жайында мәлімдеді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе басқарма құрамына өзгерістер енгізу туралы болды. Грузия темір жолы мен Батум теңіз портының басшылары ауысуына байланысты «ТХКБ» бірлестігіндегі де олардың орнына келген мүшелер де өзгерді. Сөйтіп бірлестіктің жаңа құрамы бекітілді. Басқосу шеңберінде «KTZ Express» АҚ мультимодальды операторы Түркия темір жолы өкілдерімен сол ел аумағында темір жол тасымалы қызметтері бойынша келісімшартқа қол қойысты.
–Бұл жұмыстар Транскаспийлік бағдарды дамыту жобалары аясында жасалуда. Бүгін біз алғашқы пойызды ұйымдастырдық. Яғни, Құрық порты арқылы Бакуге, одан әрі Тбилисиге және Карсқа пойыз жіберілді. Бізде енді осындай жаңа темір жол желісі бар. Ал аталған келісімшарт бізге Түркия аумағында баға жағдайынан хабардар болып, тариф қалыптастыруға тікелей қатысуымызға мүмкіндік береді, – дейді келісімшартқа қол қойған «KTZ Express» АҚ вице-президенті Сергей Анашкин.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл