Орта Азияда теңдесі жоқ кешен
Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телкөпірде «Оңтүстік» көліктік-логистикалық аймағындағы «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС ашылды. Құрылысы бірнеше жылдан бері жүргізіліп жатқан көліктік-логистикалық орталықтың тұсауы кесілуі – бүкіл оңтүстік өңір көптен күткен қуанышты оқиға еді.
Салтанатты шарада А+ класына жататын аталған кешендегі қоймалар іске қосылды. Жалпы аумағы 35 гектарға созылған қоймалардың көлемі 24,7 шаршы метрді құрайды. Құрғақ және климатты қоймалардан бөлек мұнда контейнерлі алаң, терминал, кедендік бақылау бекеті орналасқан. Онда әртүрлі қадағалаушы органдар келіп, «бір терезе» қағидасымен барлық қызмет түрін көрсетеді.
– Біз Шымкент қаласында мультимодальды көлік-логистикалық орталығының құрылысын аяқтадық. Оның жүк өткізу қабілеті жылына 1 млн тонна. Біздің орталық Шығыс – Батыс, Оңтүстік – Солтүстік ағынына қызмет ететін кеден аймағы мен толық сервистік желісі қамтылған заманауи кешен, – деп мәлімет берген «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев, Елбасыдан инфрақұрылымдық жобаны іске қосуға рұқсат сұрады.
Жаңа нысан әуежай, теміржол және автожолдың түйісер тұсында орналасқан. Сондықтан тауарлар үш бағытта тасымалданады. Құрғақ және климатты қоймаларға автокөліктермен қап-қап тауарлар әкелініп жатыр. Екі қойманың арғы қақпасынан теміржол төселген. Қойма жетекшісі Асылбек Құлтаевтың айтуынша, вагонмен келген жүк түсірілген соң, бергі жағынан тікелей автокөліктерге тиеледі. Келген көліктің затты тиеу мүмкіндігіне сай мұндағы қойма есіктері де ыңғайлы салынған. Қоймадағы жұмыс жүйесі ВМС жүйесінде жұмыс істейді. Ол дегеніміз – бүкіл қазақстандық тауар тасумен айналысатын компаниялар осы базаны қарап, тауарларының қалдықтарын, қандай тапсырыс түскенін онлайн режимінде бақылай алады. Мұндай заманауи кешен әзірге Орта Азияда жоқ көрінеді.
– Құрғақ қоймада температуралық режимді қажет етпейтін тауарлар сақталынса, климаттысында үш тоңазытқыш, бес әмбебап және үш көкөніс сақтайтын камера бар. Әрқайсысына мың тоннадан асатын тауар сияды. Тауарлар голландиялық технологияның нұсқасымен жасалған жәшіктерге салынған соң, бес қатарға жиналады. Әр жәшікте 1000 кг дейін өнім сыймақ. Алғаш болып Тәжікстаннан айына 600 вагонмен келетін тауарды біздің қойма арқылы өткізуді жоспарладық. Ол тауарлар вагонмен қоймаға келіп, автокөліктерге тиеліп, Ресей асады. Құрғақ қоймада 15500, климатикалық қоймада 3300 тонна жеміс-жидек, көкөніс сақтауға болады. Қосымша -24 градустағы салқында 6600 тоннаға дейін басқа да салқындатылған өнімдер жиналмақ, – деп ақпарат берген Асылбек Түймебекұлы, сондай-ақ, көкөністерді, тропикалық жемістерді сақтайтын үш қойма мен салқындатылған тауар яғни колбаса, сыр, иогурт сынды өнімдерді сақтайтын камераның ерекшелігі ауаны сорып алып, ішінен азот газын бөлетінін, сонда тропикалық жемістердің сақталу мерзімі ұзаққа созылатынын, ал картоп, пияз, капуста, қияр, қызанақ өнімдерін сақтайтын екінші әмбебап камералар – 180 және +6 градусқа дейін жұмыс жасайтынын да тәптіштей түсіндірді.
Көрші Өзбекстаннан картоп, пияз өнімдерін тасымалдайтын кәсіпкер қазірдің өзінде жүгін әкеле бастапты. Базарда баға көтеріліп, тұрақсыздық орын алғанда өнімін шығармақ. Климатты қоймада қазір 30 тонна пияз болса, бірер күнде тағы 200 тонна пияз келеді екен, сосын олар қанша уақыт тұрса да бұзылмайтын жекелеген жәшіктерше салынып қойылатын көрінеді.
Қойма басшысы әзірге екі қоймада 80-ге жуық маман еңбек ететінін, клиенттер саны артып, жұмыс 2-3 ауысым көшкенде олардың саны жүзге жетуі мүмкін екенін жеткізді.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды