Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты

Жаңалықтар
18.09.2026, 10:19
Суреттер: Көлік министрлігі

Тачэн қаласында (Қытай) Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық байланысты және шекара маңындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған «Бакту – 2026» форумы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Абай облысы әкімдігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ және бизнес өкілдері қатысты.

Форум аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Елдос Нестай көлік-логистикалық инфрақұрылымды және халықаралық көлік дәліздерін одан әрідамытудың маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан «Шығыс – Батыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәліздерін, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дәйекті түрде дамытып, шекаралық және порттық инфрақұрылымды жетілдіруде.

«Бұл бағытта Қытаймен ынтымақтастыққа ерекше орын беріледі. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 18,7 млн тоннаға жетіп, 9%-ға өсті. Осы кезеңде Қазақстаннан экспорттық тасымалдар 10%-дан астамға артты. Бұл нәтижелер елдеріміз арасындағы көлік байланысының нығая түскенін айқын көрсетеді», – деп атап өтті Елдос Нестай.

Көлік саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің негізгі бағыттарының бірі – ұзындығы 303 шақырымды құрайтын «Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу жөніндегі ауқымды жобаны іске асыру.

Жаңа теміржол желісінің құрылысы белсенді қарқынмен жүргізілуде. Бүгінде жер төсемін төсеу, жасанды құрылыстар мен көпірлер салу жұмыстары жалғасып, рельс-шпал торын төсеу басталды. Нысанда шамамен 1,4 мың маман және 900-ге жуық техника жұмылдырылған.

Жобаны іске асыру Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол шекара өткелін ашуға, көлік дәлізінің өткізу қабілетін жылына 25 млн тонна жүкке дейін арттыруға және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, форум биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Шара жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ іскерлік байланыстар мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған тиімді алаңға айналды.

Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды