Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Қарағанды – Сұрыптау станциясында Автоматты микропроцессорлық орталықтандыруға ауыстыра отырып, дөңестік микропроцессорлық кешенді жаңғырту жүргізілуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жоба аясында Магистральдық желі дирекциясының мамандары сұрыптау дөңесіндегі жұмыстар барысымен танысты.
Жаңа жүйе вагондарды тарату кезінде бағыттамалық бұрмаларды басқаруды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Жүйе берілген бағдарламаға сәйкес ағытпалардың қозғалыс бағыттарын анықтайды және дәйекті түрде белгілейді. Бұл қолмен жасалатын операциялардың санын азайтуға және құрамдарды тарату процесін бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жұмыстар бекітілген кесте бойынша жүргізілуде. Бүгінгі таңда 15 вагон баяулатқышы мен 10 бағыттамалы бұрма ауыстырылды.
Жоба аяқталғаннан кейін Қарағанды – Сұрыптау ҚТЖ магистральдық желісіндегі құрамдарды таратудың толық автоматтандырылған жүйесі бар жалғыз сұрыптау дөңесі болады.
Сондай-ақ мұнда алғаш рет ҚТЖ сұрыптау дөңесінде ДАО жүйесі құрамында арқалық бөгеу құрылғыларын орнату жоспарлануда. Олар вагондарды тоқтатуға және бекітуге арналған.
Жаңғыртуды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.