Қарағанды және Ақадыр локомотив деполарында машинистер мен олардың көмекшілері үшін техникалық сабақтар өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Бригадаларға жоғары вольтты электровоз жабдықтарымен жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік талаптары еске салынды. Электротравматизмнің алдын алуға және стандартты емес жағдайларда әрекет ету алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, теміржолшылар локомотив шаруашылығын дамыту және тартқыш жылжымалы құрамды жаңарту жоспарларымен таныстырылды. Оқытудың негізгі міндеті – қозғалыс қауіпсіздігін жетілдіру, нөлдік жарақатқа қол жеткізу және қызметкерлердің кәсібилігін арттыру.

Осындай кездесулер бүкіл елде өтеді.