Жолшылар әулетінің өкілі

Жаңалықтар
08.12.2017, 14:59
Оқуға 2 мин
Семей өңірінде сан-салалы теміржолда бір ғана кәсіп – жол шаруашылығына маманданған династия бар. Ол – іргесі Түрксіб дәуірінде қаланған Суықбұлақ станциясынан өрбіген Мамырбаевтар әулеті. Жаңа-Семей жол дистанциясының директоры Мұрат Мамырбаев осы әулеттің жарқын бір өкілі. Суықбұлақ станциясында жолшы болған әкесінің жанында жүріп жол шаруашылығының бар шаруасына бүге-шігесіне дейін бала кезден қанып өскен отбасының бар баласы «ұяда көргенін ұшқанда ілгені» анық. Алматыдағы теміржол институтын тәмамдап келген 1985 жылдан бастап  Мұрат Несіпқамитұлы табан аудармастан Жаңа-Семей жол дистанцияда еңбек етіп келеді. Осы аралықта тек бірнеше жыл бойы Семей магистральдық желі бөлімшесі басшысының орынбасары қызметін атқарғаны бар. Әйтсе де бүгінде 35 жылға айналған еңбек өтілінде өзінің жігерлі жастық шағын арнаған Жаңа-Семей жол дистанциясына қайта оралып, абыройға толы еңбек жолын әрі қарай жалғастыруда. –Жол шаруашылығында «ең үздік ревизор – қыс» деген нақыл сөз бар. Ал, басшы ретінде «алдағы қыс өткен қыстан да қаһарлы болады» деген болжамды берік ұстанамын. Сондықтан биылғы қысқа даярлықты былтырдан да күшейттік. Нәтижесінде жол шаруашылығындағы барлық әкімшілік және өндірістік нысандар 100 пайыз әзірленді. Бұрмалар басын қардан аршитын жұмыс күші де даярланды. Отын қоры толық. Қысқа алаңсыз кірдік, – дейді телім бойын күніне бір мәрте сүзіп шығатын дистанция бастығы. Жарма мен Жаңа-Семей арасындағы жалпы ұзындығы 239 шақырымды құрайтын бір бағытты бас жолды күнде қарап шығу оңай емес.  Әйтсе де, дистанция басшысы үйреншікті әдетімен осынау телім бойын, ондағы барлық нысанды толық қарап шығуға шектеулі мерзім ішінде уақыт табады. Содан болар, оның қатарға жаңадан қабылданған әрбір жолшы мен жол шеберлерінің, барша бригадирлердің аты-жөнін жаңылмай айтатын ерекше есте сақтау қабілеті жолшыларды таңырқатады екен.  Жол шаруашылығының қат-қабат тіршілігін жақсы білетін Мұрат Несіпқамитұлы теміржолшылар қажеттілігін басты орынға қояды. Басқасын былай қойғанда   Шар – Жаңғызтөбе – Жарма арасындағы шағын станциялардағы жолшылар қосынына мерзімдік басылымдарды жөнелтуді қадағалауды да  күнделікті қызметтік міндеттерінің қатарына қосқан. Өздерін өмірлік тәжірибесі мол маманның  шәкірттері сайтын  көмекшілері – дистанцияның бас инженері Қанат Абдуғалиев, орынбасарлары Қайрат Мұстафинов пен Рахат Абдуллиндер де қауырт қызметте басшының кәсіби дағдыларына сүйенеді. Айтпақшы тағы бір шәкірті бүгінде Суықбұлақ станциясында еңбек етіп жүрген жол шебері, Құрметті теміржолшы,  інісі Рахат Мамырбаев десек  болады. Міне, әке аманатына, жол қызметіне деген адалдық.

Қуаныш Қожаев, Семей

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды