Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі

Жаңалықтар
05.10.2026, 10:04
Сурет: Көлік министрлігі

Ақтау портында су түбін тереңдету бойынша негізгі жұмыстар басталды. Жоба порт инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша тасымалдардың тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Су түбін тереңдету қажеттілігі Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты туындап отыр. Бұл жағдай порт акваториясының пайдалану сипаттамалары мен кеме қатынасына  әсер етуде. Жоба аясында шамамен 1,3 млн текше метр топырақты алу көзделген, бұл акваторияның тереңдігін 6–7 метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу порттың өткізу қабілетін арттыруға және ТХКБ бойынша тасымал көлемін 30%-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ жүктерді теңіз арқылы тасымалдау құнын шамамен 10–15%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобаны іске асыру порт инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тартуға және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Қазіргі таңда мердігер тарапынан жұмыстарды орындау кестесі әзірленді. Жобаны іске асыру белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы мәселелерді жедел шешу және жобаға қатысушылардың іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында тұрақты түрде жұмыс кеңестері өткізіледі. Су түбін тереңдету жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады