Түбек жастары жарады

Жаңалықтар
15.12.2017, 11:47
Оқуға 2 мин
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астана қаласында өткен "ҚТЖ" ҰК" АҚ жастарының VIII республикалық форумынан оралған   маңғыстаулықтарды жерлестері зор қошеметпен күтіп алды. Түбек жастарды жарады. Олар форумның "Аймақтар визиткасы" командалық жарысында 17 топтан топ жарып, 1 орынды иемденді.  Ал Маңғыстау вагон пайдалану депосының вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде вагон қараушы болып еңбек ететін Қуатбек Көпбаев "Жас кәсіби маман-2017" сайысының "Вагон шаруашылығының жас маманы " аталымы бойынша 1 орынмен марапатталса, "Жас машинист-2017" номинациясының 2 орынды дипломы локомотив депосының машинисі Нұрсұлтан Алқабекке бұйырды. Маңғыстау станциясында жүк қабылдап -тапсырушы, жазғы "ҚТЖ стар" жобасының жеңімпазы Ержан Ниязқұлов форумға құрметті қонақ ретінде шақырылған еді. Бұл жолы да ол жүлделі орынды еншіледі. Ол ол ма, "Жастардың көзқарасы" конкурсынан 1 орынды Құрық порты станциясында транзиттік жүктер бойынша агент Ғалымжан Жексенов, 2 орынды локомотив депосының машинист көмекшісі Қайрат Абдашов қанжығаға байлады. -   Форумға 10 адам бардық. Фархад Жұманиязов, Динаш Илесова, Замира Бадрадинова үшеуі  "Болашақ басқарушылар" аталымы бойынша бақ сынасты. Сонымен қатар әр командадан бір ойыншыдан құралған топтық жарыста Фархад Жұманиязов топ басшысы болып, командасын жеңіске жеткізді. Форумның командалық ойынында бізге Қазақ хандығы туралы көрініс қою тапсырмасы түсті.  Хандықтың құрылуы мен елді жерді қорғаған батырлар туралы сахналадық,-дейді аймақтық теміржолшы жастар өкілі. 

Шахида Жұман

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды