Made in KAZAKSTAN

Жаңалықтар
15.12.2017, 14:25
Оқуға 2 мин
Азат Нұрберген – Ақтөбе рельсарқалық зауытының аға шебері. Отандық брендке айналған өнімді өз қолдарымен өндіріп отырғандарын мақтан тұтатын жастың бірі. Ақтөбе өңірінде туып-өскен ол әлемдік деңгейдегі алып зауыттың басқа емес, өз туған жерінде ашылғанына шын қуанған. Сосын осы өндіріс орнында еңбек етіп, бүйірінде «Made in KAZAKSTAN» деген белгісі бар отандық рельсті шығаруға үлес қосуды армандады. Бірқатар сынақтан сүрінбей өтіп, зауыт табалдырығын аттаған жас маман  алғашында ауысым шебері болды.  Бүгінде дайын өнімді өңдеу-тиеу бөлімінде аға шебер.  –Күнделікті жұмысым осы алаңда басталады, – деді ол зауытқа саяхат жасаған бізге контейнерлер тұрған алаңды аралатып жүріп, рельстерді түрлі ұзындықта кесеміз. Тапсырыс берушінің сұранысы бойынша рельстерді дайындап,  одан оалрды платформаларға тиеп жөнелтеміз. Бақылаушы өнім сапасын міндетті түрде қадағалап отырады. Негізінен 12,5 метр, 100 метрлік рельстер дайындалады. Жұмысым өзіме өте ұнайды, алдағы уақытта мамандығымды жетілдіру жоспарымда бар, – дейді отандық бренд өндіруші компания өкілі.   Азат Нұрбергеннің қарамағында 4 бригада бар. Олардың әрқайсысында 20-25 адамнан қызмет етеді. Бір ауысымда шамамен 500 тонна дайын өнім өндіреді.  –Қыркүйек айында фасонды прокат әзірледік. Зауыт өнімдерінің негізгі тұтынушысы «Қазақстан темір жолы» компаниясы әрине, бүгінгі таңда экспортқа да шықтық. Өзбекстан мен Украинаға жөнелтіп жатырмыз «Ресей темір жолдары» компаниясына да өнім жөнелту жоспарланып отыр, – дейді аға шебер. Рельсарқалық зауытынан шыққан рельстер Алматы – Шу екінші жолдар құрылысына, басқа да жол төсек, күрделі жөндеулерге пайдаланылып жатқанын еске сала кетейік.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды