Пойыз құрастырудың шебері
Жүз жылдан аса тарихы бар Семей станциясында теміржолдың «майын ішкен» майталман мамандар жеткілікті. Солардың арасында отыз жылдан аса пойыз құрастырушы болып еңбек етіп келе жатқан Мұхтар Рысақовты өз ісінің нағыз шебері деп бекер дәріптемесе керек.
Әдетте үй салудың шебері немесе домбыра жасаудың шебері дегендей теңеулерді естіп жүрміз, ал біздің кейіпкеріміз пойыз құрастырудың шебері. Станция жолдарына келіп-кетіп жатқан сансыз көп құрамаларды сорттап, топтап бір-біріне байлап немесе ажыратып, жан-жаққа аттанатын пойыздарды құрастырудың қаншалықты қиын да күрделі және қауіпті жұмыс екенін осы кәсіпке отыз жылын арнаған кәнігі маман ғана айта алар. Бүгінде 55 жасқа келген жігіт ағасы Семей теміржолының мақтанышына айналып отыр. Аягөз өңірінің тумасы есею кезеңін Түрксіб дәуірінде іргесін қалаған атақты Таңсық станциясында өткізді. Шойынжол саласының қара нары атанып, ұзақ жылдар станция бастығы болған нағашы атасы Қадыр Гильмутдинұлының қолында тәрбие алған жігіт Жаңасемейдегі теміржол мектеп-интернатында оқыды.
Ал мектеп бітіргеннен кейін нағашы атасының батасын алып, Алматыға аттанып, теміржол техникумына оқуға түседі. 1981 жылы оқу бітіріп келіп, Семей станциясына бағыттамалы бұрма кезекшісі болып жұмысқа орналасқан 19 жастағы өрімдей жігіттің алдында қауырт та, күрделі еңбек жолы тұрды.
Мұхтар Алтайұлы қозғалыс шаруашылығында ұзақ жылдар бойы табан аудармай еңбек еткен кәсіби мамандардың бірі. Станция қызметінің «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген бүгінгі жігіт ағасы 1985 жылы пойыз құрастырушы болып ауысып, күні бүгінге дейін еңбек етіп келеді. Бүгінде күрделі еңбек процесін тұла бойымен сезіне алатын, білімі мен білігі толысқан нағыз маман деңгейіне көтерілген. Соның жарқын айғағы болар, Мұхтар Рысақов еңбек ететін ауысым жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Мәселен, 2009 жылы статистикалық көрсеткіш 101 пайызға жетті. Жұмыс паркінің көрсеткіші 119,7 пайызды, өңделген транзиттік вагондар іркілісі 104 пайызды, ал жергілікті вагондар кідірісі 101 пайызды көрсетті. Жалпы, пойыздарды еш іркіліссіз, өз уақытында жолға шығаруда Мұхтар Алтайұлының жетістігін станция бойынша ешкім қайталамапты. Сондай-ақ, пойыз және маневрлік қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда да осы уақытқа дейін еш мүлт кетпеген. Нағыз шебер осындай-ақ болар!
–Мұхтар Алтайұлының нағыз маман ретіндегі басты жетістігі – стандартты емес ситуацияларда шебер әрекет ете білуі дер едім. Оның тәжірибемен қалыптасқан бұл қабілеті сан мәрте пойыз қозғалысы қауіпсіздігін бұзу фактілерінің алдын алып, тіпті, тосын жағдайлардан сақтап қалды десек те болады. Еш ақаулық жіберместен, технологиялық қауіпсіздікті мүлтіксіз сақтай отырып еңбек етіп жүрген сауатты маман ретінде ұжымы да аса жоғары бағалайды, – деп пікір білдірді мақтаулы маман жайлы Семей станциясының бастығы Ғабит Есқожанов.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды