Жолаушының жол серігі
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалы Астана учаскесінің жолаушылар вагонының жолсерігі Қайрат Рысбаев Алматы – Астана бағытындағы «Бәйтерек» фирмалық пойызына қызмет көрсетеді.
Көкше өңіріне белгілі Рыспаевтар династиясынан шыққан кейіпкеріміз мамандық таңдаудан қателеспегені анық. Алдымен қызметін вагон депосында слесарь болып бастап, вагон бөлшектерінің құрастырылуымен танысып, одан кейін жолшылық қызметке ауысып, бұл шаруашылықтың да қыр-сырына қанық болды.
–Күш-жігеріміз тасып тұрған жас кезімізде жол шаруашылығында шпалдармен жұмыс істеу мен үшін қызық болатын, тоқсаныншы жылдардағы қосалқы бөлшек тапшылығы, тағы басқа қиындықтар кезінде жоқтан бар жасап, ескі материалдарды ауыстырып салып, тығырықтан шыққан жолшылардың еңбегі ерекше болды, – деп еске алады бүгін кейіпкеріміз.
1997 жылдан жолаушы тасымалы саласына ауысып, жолсерік мамандығын меңгерген Қайрат Таңатұлы теміржолдың бірнеше саласын да тер төксе де, жанына жақыны бүгінгі кәсібі екенін жасырмайды. Жол бойы түрлі адамдармен кездесіп, әңгімелесу, олардың шын мәнінде жол серігі болудың бір ғанибет екенін айтады.
–Біраз жыл Киевке баратын пойызда жолсерік болдым. Украиндықтар ерекше ақкөңіл халық. Әрі бұл бағытта кедендік бекеттер көп, сондықтан түрлі «экстримге» толы талай сапарды бастан өткіздік. Кейде адамдар пойызға жан-жағына күдікпен қарап мінеді. Сосын барынша олармен емен-жарқын амандасып, жағдайын жасап, сеніміне кірген соң жадырап сала береді, түсетін кезде қимай қоштасып, тіпті кейбірі кері қайту уақытымыз қашан екенін сұрап, соған сай билет алғысы келетінін айтып жатады. Міне, осыдан артық қандай марапат керек бізге. Мен осы пойызда жүріп әсіресе шетелдіктерге Қазақстан елінің азаматы ретінде танылатын болғандықтан, өз қызметіммен мемлекетімізді жақсы жағынан танытуға тырысатынмын, – дейді кейіпкеріміз.
Міне, бүгін де жолсерік Қайрат Таңатұлы Алматыдан Елорда вокзалына келіп тоқтаған «Бәйтерек» пойызынан түсіп жолаушыларына сәт сапар тілеп шығарып салып тұр...
Райхан РАХМЕТОВА
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды