Мерейлі мерекеде – мәртебелі марапат
Жаңалықтар
15.12.2017, 18:40
Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазақстан теміржолындағы үздік қызметкерлер түрлі марапаттарға ие болып, мереке ұлттық компания ғимаратында салтанатты түрде аталып өтті.
Әріптестерін ел мейрамымен құттықтаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев компанияның осы күнге дейін жеткен жетістіктері мен бағындырған биік белестерін атап өтті.
–Егемен еліміздің басты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы тапсырмасыне сәйкес Қазақстан теміржолы еліміздің халықаралық көлік логистикалық хабін дамытуға ерекше үлес қосуда. Мемлекеттің қолдауының арқасында компаниямыз жаңғырудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асырды. Темір жол, автомобиль жолдары жаңғыртылып, порттық, теңіздік инфрақұрылым дамытылды, жылжымалы құрам жаңартылды. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған нысандарды іске қостық. Жалпы алғанда компания бұл жылды өте жақсы көрсеткіштермен қорытындылауда, - деп қоғамның қол жеткізген табыстарын атап өте келе, нақты жоспарлы жұмыстардан алдағы күтілетін нәтижелер туралы да айтып өтті. Елбасының компания алдына қойған міндеттерінің бірі – Қазақстанды Еуразия аймағының іскерлік транзиттік хабі ретінде өркендету болып отыр. Осы орайда транзиттік тасымалдарға мемлекет пен компания тарапынан өте үлкен көңіл бөлініп отыр.
Салтанатты жиын барысында алып компанияның алған асулары туралы бейне фильм көпшілік назарына ұсынылды. Осыдан соң ең маңызды сәт – компанияның дамуына еңбегі сіңген озаттардың қоғам басшысы Қанат Қалиұлының қолынан марапат алуы болды.
Сонымен «Парасат» орденімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Шымкент бөлімшесі филиалының директоры Ермекбай Ерманов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының режим жөніндегі көмекшісі Қалтай Самбетов марапатталды. «Құрмет» орденіне теміржолдың 8 қызметкері, атап айтқанда, Семей жол дистанциясының жол бригадирі Бейсенғали Жолдоболинов, Теміржолшы қызметкерлердің Тараз оқу орталығының мұғалімі Базарқұл Түйебаев, Шу локомотив пайдалану депосының басшысы Қайрат Көкірекбаев, «Integra Construction KZ» ЖШС – Батыс дирекциясының жол машина станциясының директоры Айдарбек Әбілдаев, «Мосто-отряд 8» ЖШС қадағалау кеңесінің төрағасы Павел Навразиди, компанияның «Ірі жобаларды жүзеге асыру дирекциясы» филиалының директоры Еркін Мейірбеков, «Көлік және коммуникациялар ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері Георгий Юрченко, «Найза-Құрылыс» концерні» ЖШС бас директорының орынбасары Асылбек Айтқазинов, «Порт Құрық» ЖШС директоры Мырзабек Сақтағанов ие болды.
Сол сияқты 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі жол дистанциясының механизмдер мен жол машиналарын жөндеушісі Наиль Алпаровқа берілді. «Ерең еңбегі үшін» медаліне 3 қызметкер, ҚР «Құрмет» грамотасына 4 теміржолшы лайық деп танылды. Ал ұлттық компанияның ең мәртебелі марапаты «Құрметті теміржолшы» атағы 14 адамға берілді. «Құрметті құрылысшы» белгісімен 1 маман марапатталды. Құшақтары гүлге толып, кеуделері медальдермен көмкерілген үлгілі қызметкерлер естелікке сурет түсіп, шара соңы Қазақстанның танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертке ұласты.
Бір айта кетерлігі, биылғы тәуелсіздік мерекесінің салтанатты жиыны концерттік бағдарламасының мағыналы, мазмұнды әрі думанды болып өтуімен ерекшеленді. Сахна төріндегі қойылым «Түрксіб» туындысының авторы, қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеевтің монологымен басталып, алғаш рет қазақ даласына болат жолдың салынуымен отарбаның келуі, оған сол кездегі елдің қатты қуанып, таңқалуы, одан әрі әкесі мен қызының сол 20-шы ғасырдың басынан біздің дәуірге өтіп кетіп, олардың болашақты көргені суреттелген көріністермен жалғасты. Бірден жаңа «Нұрлы жол» вокзалы ғимаратына тап болған оларға вокзал қызметкері бір жас маман жігіт жолығып, әкесі мен қызының болашаққа өтіп кеткенін айтып, теміржолдың бүгінде қаншалықты қарыштап дамып кеткенін елдегі ірі теміржол нысандары, өндіріс орындарын, Астананы көрсету арқылы жеткізеді. Әр нысанды көрсету арасында кеш жүргізушісі болған Нұрлан Абдуллин, өзге де әншілер Қарақат Әбілдина, Мөлдір Әуелбекова, Ерболат Құдайбергенов сынды тағы да басқа танымал өнерпаздардың әнімен тұздықталып, басы-аяғы бар бүтін бір қойылым көріністерге бай, әрі көңілді көтерерлік ән-жырмен өріліп отырды. Бір айта кетерлігі, қойылым барысында теміржол нысандары туралы көптеген жақсы мәліметтер айтылып, осыған арнайы көңіл бөлінгені көрініп тұрды. Кәсіби деңгейде ұйымдастырылған қойылым көпшілік көңілінен әбден шықты деуге болады. Оқиға соңы әкесі бәрібір өз дәуірін аңсап, өткен ғасырға қайта оралуымен, ал қызы вокзалда кездестірген жас жігітті ұнатып, екі жастың қалауымен қыздың осы кезеңде қалып қоюымен аяқталды.
Райхан РАХМЕТОВА Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда