«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлер арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыра отырып, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Егер 2025 жылы бастама аясында компанияның бүкіл ел бойынша өз кәсіпорындарының аумақтарында күзгі кезеңде 180 мың ағаш отырғызылса, 2026 жылы экологиялық күн тәртібі одан да кеңейіп, көгалдандыру мен сенбіліктерді ғана емес, сонымен қатар күнделікті жұмыс ортасына экологиялық әдеттерді енгізуді де қамтыды.

2026 жылдың 10 айы қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобымен 65,7 мың ағаш отырғызылды, ал ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 53,2 мың көшет отырғызу жоспарлануда. Осылайша, бір жыл ішінде көгалдандырудың жалпы көлемі 118,9 мың ағашты құрайды. Алматы облысында айналма теміржол желісін салу аясында Алматы станциясын айнала өтем ретіндегі 61,7 мың қалпына келтіру ағашы отырғызылса, күзгі кезеңде мұнда тағы 8,3 мың көшет пайда болады. ҚТЖ кәсіпорындары аумақтарында он айда 4 мың ағаш отырғызылды, бұл ретте жыл соңына дейін тағы 34,4 мың көшет отырғызу жоспарланған. 

Компанияда ауқымды ағаш отырғызулармен қатар ішкі экологиялық бастамалар белсенді дамып келеді. «Жасыл кеңсе» тұжырымдамасы аясында ҚТЖ кәсіпорындарында 10,6 мың бөлме өсімдіктері орналастырылды. Барлық құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдарда әр бейсенбіде кеңсе ресурстарын тұтынуды азайтуға бағытталған «Қағазсыз күн» акциясы өткізіледі. 

Жазғы кезеңде қызметкерлер арасында баламалы және экологиялық таза көлік түрлерінің пайдасына жеке көліктерден бас тарту идеясы белсенді түрде алға тартылды. Ұжымның экологиялық сауаттылығын арттыру үшін компания қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша 30 астам ішкі оқыту вебинарларын ұйымдастырды және өткізді. Кешенді тәсіл «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға Қазақстан өңірлерін көгалдандыруға нақты үлес қосып қана қоймай, корпоративтік мәдениетті орнықты даму жағына қарай өзгертуге мүмкіндік береді.