Байланыссыз басқару жоқ
Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясына барғанымызда, бөлім басшыларының директор Әкімжан Қосановтың таңертеңгілік жоспарлы жиынынан шығып, тәуліктік жүктемелерін орындауға асығыс кірісіп жатқанының үстінен түстік.
Дистанцияның бір сәттік тынысына куә болып, олардың жұмыс орындарын аралап, байланысшылармен жақын танысуға басшылық келісімін алдық. Байқағанымыз, олардың әрқайсысы өз міндеттеріне қызу кірісіп кеткен, тіпті, сөйлесуге уақыттарының жоқтығын аңғартты. Бізге өндірістік оқу шебері жол бастап, дистанция тынысымен таныстырды. Сонымен алғаш болып дистанцияның техникалық бөліміне кіргенімізде, осы бөлімнің қызметкері Рахым Нұрымбетов пен Әйділда Оспановтың дистанцияны қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету барысын ақылдасып отырғанына куә болдық.
Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының техникалық бөлім басшысы Ақшагүл Күрбенова белгі дистанциялықтардың он ай ішінде атқарған жұмыстары жайлы мәлімет ұсынды. Мекеме қызметкерлері күнделікті жұмысын кәсіби дәрежеде атқарып пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып он ай ішінде пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде ақау жібермеген. Алайда өткен жылы 8 рет байланыс құрылғыларының жұмыстан тыс қалуы орын алса, биыл 9 мәрте болып көрсеткіш бір ретке артып отыр екен.
–Біздің дистанция теміржолшылары он айда қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс және КТСМ құрылғыларының жұмысында ақау жібермей СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс, КТСМ құрылғыларымен өткен жылы 172078 пойызды бақылаудан өткізіп 60 құрамды тоқтатса, биылғы он айда 173835 пойызды бақылап оның ішінен 45 жылжымалы құрамдарды тоқтатып тексеруден өткізіп, тоқтатылу кінәратын 100 пайыз анықтаған. Тоқтатылған пойыздардың ішінде 18 пойыз букстың қызуынан, 25 пойыз тежегіштің ақауынан, 1 пойыз локомотивтің қызуынан тоқтатылып тексеріс кезінде кінәрат 100 пайыз дәлелденсе, кінәратына байланысты 4 вагон құрамнан ажыратылды,-дейді техбөлім басшысы Ақшагүл Күрбенова.
Дистанция еңбеккерлері қазан айында және он ай бойынша СОБ және байланыс құрылғыларына күнделікті күтім жасап, құрылғылардың жұмыстан тыс қалмауын қадағалауда, алайда кішігірім кемшіліктер қолданыстағы ескірген байланыс технологияларының кінәратынан орын алуына соқтыруда. Мәселен аталған мерзім ішінде жылжымалы құрамдардың жүйесін тексеретін УКСПС, пойыз вагондарының көлемін бақылайтын КГУ құрылғыларында жұмыстан тыс қалу орын алмаған.
Дистанцияда еңбек өнімділігі сақталған. Қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланысы және КТСМ құрылғыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пойыздардың жүріс қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген. Және де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспарлар, ГТСС нұсқаулары және инженерлік-техникалық іс-шаралар толықтай орындалуда екен.
Мәселен, Жалағаш бекетінде №2,18,10,22,12, және 20 бұрмаларда, Қызылтам станциясында нөмірі 2,4,6,8 және 10 бағыттамалы бұрмалар, Қызылорда да №28 және 14 бағыттамалы бұрмалардың электрожетектері ауыстырылған, ал Қызылтам, Қаракеткен, Бәйгеқұм, Белкөл, Қараиірім, Керкелмес, Анакөл, Бақтысай, Жалағаш, Тереңөзек, Сұлутөбе, Тартоғай, Қызылорда, Аққұм, Талап және Бірқазан станцияларында ток панелдері бақылаудан өткізіліп, Белкөл, Шорнақ, Бірқазан станцияларында бағыттамалы бұрмалардың ППРЗ-5000 релесі жаңаланған. Анакөл-Жосалы, Тереңөзек-Қараөзек, Қызылтам -Қаракеткен, Сауран-Бесарық телімдерінде, 14-бекет, Майлытоғай, Төменарық станцияларында жарықдиодты модульді бағдаршамдардың линзалы кешені ауыстырумен қатар телім бойында байланыс құрылғыларына күтім жасалып қажет жерінде реле алмастыру, релелік шкафтағы КПТШ трансмиттерін ТМ блогына өзгерту, электржетектерді жаңалау, бағдаршамдарға техкүтім жасау секілді жұмыстарды атқарған екен.
...Дистанция ұжымында болған бір сағат ішінде біздер станциялық жолдарда СОБ аға механиктері Сәбит Қайрулла, Ардақ Бижігітов, СОБ электромонтері Дәулет Есмұрзаев, электромеханик Алмат Сапарбаев және СОБ электромеханик Сұлтанбек Балғынбаевтардың бағдаршам мен электржетектерді тексеріп, күтім жасап жатқан жүрген байқадық. Яғни қызылордалық белгі берушілер кеңседе де, теілм учаскелерінде де тынымсыз тіршілік жасап, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтауға барлық мүмкіндіктерін жұмсап қызмет жасайтынына көз жеткіздік.
Сөз реті келгенде, биыл «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған Әкімжан Қосанов басшылық етіп отырған Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының үстіміздегі жылдың он айындағы жұмыс қорытындысын жоғары көрсеткіштермен тәмамдап, СОБ және байланыс құрылғыларына техникалық күтім жасау бойынша ШЧ филиалдары арасында «жақсы» деген бағаны иеленгенін атап өтер едік. Бұл кәсіпорын ұжымының кәсіби жауапкершілігі жоғары екенін аңғартса керек. Аймақ бойынша Қазалы мен Қызылорда станцияларында орналасқан екі дистанцияда да соңғы жылдары заманауи технологиялар енгізіліп, байланыс құрылғылары кезең-кезеңімен жаңалануда. Мәселен өткен жылдан қолданысқа енгізілген «Тетра» жүйесі мен заманауи сандық байланыс жүйесі технологиясы «Iskratel» құрылғысы мен 300 дана ІР телефонының өндіріске енгізілуі дистанцияның өндірістік жұмысын едәуір жеңілдетсе керек. Дегенмен жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін құрылғылардың күнделікті жұмысын қадағалап күтім жасау дистанция теміржолшыларының кәсіби жауапкершілігі.
Ал кезегі келгенше ескіні жамап, жөнге келтіріп жұмысын ақсатпай пойыздың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға міндеттенген дистанция теміржолшылары барға қанағат етіп, кәсіби міндетті мінсіз атқаруда. Бүгінгі күнде дистанция телімдерінде радиобайланысқа жарамды 43 РТС, 42 РТМ, «Гранит», ТС-600, РС46МЦВ радиостанциялары мен релелік станциялардың РРС-1М, паркке арналған дауыс зорайытқыш 100-У-101, УМПТ-600 және СКУ-100 құрылғылары және де көп функциялы ГРАНИТ-4К және 8К хабарласу диапозонды тіркегіштерінің 9 данасы қолданылуда екен. Дистанцияда өткен бір сағатта белгі беру-байланыс саласы қызметкерлерінің өз қызметтеріне адал да жауапты жандар екеніне куә болдық.
Сабыр Надир, Қызылорда
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды