Психологиялық жүктемеден арылу тәсілі

Жаңалықтар
24.12.2017, 17:01
Оқуға 2 мин
Жыл соңын қорытындылар шақта ел Шығысындағы Семей ЖТ бөлімшесіндегі әлеуметтік-мәдени шаралар қатары тағы бір мәрте жағымды жаңалықпен толықты. Теміржолшылар игілігіне арналып жаңа әрі ерекше нысан – психологиялық жеңілдену бөлмесі салтанатты түрде ашылды.  Жалпы қызметі күрделі әрі аса жауапты мамандық иелері үшін бір ауық стресстен арылып, жүйкеге түсер психологиялық салмақтан жеңілдену үшін мекеме жанынан арнайы бөлме ашу әлемдік тәжірибеде бар екен. Бұл қызметкерлердің жұмысқа қабілетін арттырап қана қоймай, жеке өмірлеріне де оң әсерін тигізетін жағымды жайт. Міне, осыны ескерген Семей ЖТ бөлімшесі басшылығы, салалық кәсіподақ ұйымы мен спорт нұсқаушылары жуырда жаңа нысанның есігін ашты. Семейлік теміржолшыларға арналған психологиялық жеңілдену бөлмесінің салтанатты түрдегі ашылу рәсіміне бөлімшенің жаңашыл басшысы Марлен Көкірекбаев арнайы қатысып, құттықтау лебіз білдірді. Марлен Кәрімұлы өз сөзінде жергілікті сала қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан әлеуметтік һәм моральдық жәрдем қатарына тоқтала келе, аталмыш айрықша істің теміржолшылар тарапынан да қолдау тапқанына әрі игілікке асқанына қуаныш білдірді. Қазіргі күннің өзінде осынау бөлмеге желі бойындағы қарапайым еңбеккерлер, әсіресе жастар жиі келеді екен. Осыдан кейінгі сөз кезегін алған шара бастамашыларының бірі, «Қазақстан Республикасының теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досанов барша жиналған қауымды құттықтап өтіп, аталмыш нысанның есігі әрдайым келемін деушілер үшін ашық екендігін жеткізді. Семейлік теміржолшылардың психологиялық жеңілдену бөлмесі демалыссыз қызмет көрсетеді. Тәуліктің кез келген уақытында келіп, уақытты тиімді өткізуге болады. Есік ашқанына көп уақыт өтпесе де, әсіресе жұмыстан кейін, кешкілік мезгілде мұнда келушілер қатары арта түседі екен. Рас, көпшілігі спортсүйер жастар. Себебі, мұнда тақталы ойындардың барлық түрлері бар. Сонымен қатар, жеңіл атлетикамен айналысу мүйісі арнайы әзірленген. Онда қан айналымы мен жүйке жүйесі қызметін жақсарту үшін гимнастикалық жаттығулармен айналысуға мүмкіндік бар. Келушілерге бөлімшенің аға спорт нұсқаушысы Наталья Мешкова бастаған мамандар ақыл-кеңес бере алады. Бір бұл емес, бөлме ішінде бадминтон, үстел теннисі де толықтай жабдықталған. Дегенмен тың идея авторларының бірі - бөлімшенің спорт нұсқаушысы Жанат Мойынбаевтың айтуынша, алдағы уақыттарда тағы да қосымша спорт құралдары алдырылмақ. Сондай-ақ, психологиялық жүктемеден арылтып, өмірге, кәсіби қызметке деген құштарлықты арттыратын ерекше әдіс-тәсілдер қатары әлі де қарастырылып жатыр. Яғни, таяу болашақта аталмыш бөлменің ауқымы да, қызметі де кеңейе түседі деген сөз.

Қуаныш Қожаев, Семей

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды