Жаңа вокзал: алғашқы жыл жетістігі 

Жаңалықтар
29.12.2017, 16:33
Оқуға 3 мин
Астанадағы жаңа «Нұрлы жол» вокзалы кешені биыл бірінші рет Жаңа жылды қарсы алғалы отыр. Жаңа жылды жақсы қарсы алуға вокзал кешені ұжымының ықыласты екенін нысанның сыртқы және ішкі аумағында көздің жауын алар түрлі әшекей-ойыншықтармен безендірілген биік-биік шыршалардың бой түзегенінен байқайсың.  Осыдан алты ай бұрын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында есігін айқара ашқан вокзал кешені   аз уақыт ішінде атқарған жұмысы ауқымды, жетістігі  мол. Бірінші кезекте, ТМД елдерінде аналогы жоқ, заманауи темір жол вокзалы кешені жобасы жыл сайын өтетін Дүниежүзілік архитектура фестиваліне қатысып, 400 финалға қатысушылар қатарынан табылғанын айтып өтейік.  «Нұрлы жол»  архитектуралы «Оскар» деп те аталып кеткен WAF-2017  фестивальінде «Көлік» аталымы бойынша ұсынылды.  Бұл шара қарашаның 15-17 күндері Берлинде өтті. Мәртебелі аталымға үміткерлер тізіміне ілігу үшін қатаң іріктеу жүргізілді. бұл аталым бойынша «Нұрлы жолдан» басқа әлемнің озық инфрақұрылымына қатысты 13 жоба ұсынылды» дейді Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешенінің директоры Дінмұхамед Құсайынов. Бүгінде жаңа вокзалдан ел аймақтарына соңғы үлгідегі «Тальго» пойыздары қатынайды. 105 мың шаршы метрді құрайтын, алты қабаттан тұратын  ғимаратты көрген жан ғажап деп таң өалып, таңдай қағады.  Пойыздар үшінші қабатқа келіп тоқтап, сол жерден жолаушылар мініп-түседі. Ал вокзалдың жабық перроны қолайсыз ауа-райынан қорғайды. Төртінші қабатта күту залы, анықтама  бюросы, билет кассалары орналасқан. Бесінші қабатта түрлі  дәмханалар, мейрамхана бар. Келешекте «Нұрлы жол» қалалық автокөлік жұмысын оңтайландыра отырып, көліктік-жолаушылар хабын құрмақ. Олай дейтін себебіміз, жаңа вокзал  кешені елораданың іскерлік орталығына жақын орналасқан. Бұл өз кезегінде қалалық автокөлік қозғалысы жүктемін мейлінше төмендетіп отыр. Атап өтерлігі, жолаушылардың вокзал ғимаратына тез және қолайлы жетуі үшін, 10 көшені қиып өтетін ұзындығы 2,5 километрлік подъездік эстакада жүргізілген.  Вокзалға он шақты қалалық автобус бағдарымен және ресми қалалық «Астана такси» көлігімен жетуге болады. Ал алдағы жылы ғимаратқа жеңілрельсті көлік жүргізіледі деп күтілуде. «Нұрлы жолдың» тағы бір артықшылығы, мұнда ультразаманауи жабдықпен ерекшеленген тегін паркинг жұмыс істейді. Вокзалдағы екі деңгейлі жабық тұрақта 740 көлік-орын болса, сырттағы тұрақ алаңында 489 көлікке орын бар. Мұнда көлікті іссапарға кеткенде тастап кетуге болады, ал келгенде оны дін аман алып кетесің. Автотұрақ заманауи тұрақ жабдықтарымен және ақпараттық-навигациялық құралдармен, жабдықталған. «Қауіпсіздік – басты ұстаным. «Нұрлы жол» аумағында 16 тексеру пункті орналасқан. Вокзал бейнебақылаудың интеллектуальды жүйесімен жарақтандырылған. 510  жуық камера периметрі  бойынша және ғимарат ішінде орналасқан. Вокзал қызметкерлері профайлинг тәсілі бойынша оқытудан өтті. Оқу барысында қылмыскерлер тұлғаларды тез анықтау және олармен сөйлесу тәсілдері үйретілді» дейді «Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешенінің директоры Дінмұхамед Құсайынов.  «Нұрлы жол» вокзал кешенінде қазақ, орыс тілдерін жетік білетін мамандар ғана емес, ағылшынмен қоса қытай, түрік, неміс, және француз тілдерін жақсы меңгерген мамандар жұмыс істейді. Ал келер жылды темір жол вокзалы кешені жақсы бастамамен бастағалы отыр.  «Нұрлы жол» вокзал кешені  келер жылдан бастап жолаушылар ағынының үлкен өсімі күтіліп отырғандықтан  пойыздар қозғалысының жаңа кестесінің енгізілетінін, соған орай  16 бағытқа қатынайтын қосымша 8 жұп пойызбен толықтырылуы жоспарланып отырғанны  қуана хабарлаймыз», – дейді вокзал кешенінің бастығы. 

 Сұлугүл БАКЕСОВА

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды