Көлік колледжіне – 10 жыл
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжінде мерейтой. Көлік саласында мамандар дайындап шығаратын оқу орнына биыл 10 жыл.
Осы аралықта 4 мыңға жуық түлектерді дайындаған колледж ұжымының өтіп бара жатқан жылда жеткен жетістіктері көп. Атап айтар болсақ, биыл наурыз айында Астана қаласы білімді бақылау департаментінен мемлекеттік аттестациядан, одан кейін осы қараша айында мамандандырылған аккредитациядан өткен. Осы және өзге де жаңалықтарымен колледж ұжымы мерейтой шеңберінде 21-22 желтоқсанда өткізілген ауқымды шара барысында таныстырды.
–2017 жыл біз үшін өте ерекше өтті. Осы жылы түлектер ассоциациясын ашқалы отырмыз. 10 жылдық қарсаңында колледждің белсенді студенттерінің ата-аналарына Алғыс хаттар жарияланады. Бүгінгі шарада солардың есімі аталады. Сонымен қатар өнерпаз жастарымыз өз өнерлерін көрсетіп, концерт қояды. Сонымен бірге биыл колледжде «Алтын жүрек» номинациясын өткізген едік. Студенттер нағыз алтын жүректі оқытушыны анықтау мақсатында бір ай бойы дауыс берді. Сол ерекше ұстаз да бүгін анықталмақ, – деді шара алды бағдарламамен таныстырған колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Айнұр Сәрсенбаева.
Кеш барысында М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының оқу ісі жөніндегі проректоры Ұ. Құттыбаев сөз алып, ҚазККА Президент-ректорының құттықтауын жеткізді.
Шара барысында колледждің тарихына арналған мұражай ашылды. Оның ашылу рәсімінде мұражай лентасын техника ғылымының докторы, колледж директоры Ерлан Әуесбаев пен «ҚТЖ» ҰК АҚ «Теміржол көлігінің персоналының дамуы және бағалау орталығы» филиалы директорының орынбасары Мади Мұратбекұлы қиды. Оқу орны қазақтан шыққан тұңғыш инженер М. Тынышбаев есімімен аталатындықтан мұражайдың негізгі бөлігі алаш азазматының өмірі мен қызметіне арналған екен. Сонымен қатар колледждің осы он жыл ішіндегі бағындырған белестері мен тарихи сәттері бейнеленген экспозициялар және деректер, суреттермен жасақталған. Бұған қоса кеш барысында колледждің жетістіктерінен «Суреттер сөйлейді» фото көрмесі, «Мақсатқа жеткізер, құтты мекенге 10 жыл» әдістемелік көрмесі ұйымдастырылыпты.
Сондай-ақ қалалық ашық есік күні ұйымдастырылып, оған Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты. Ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар, мамандықтар шеруі өткізілді. Әрі қарай іс-шара оқытушы мен колледж бітіруші түлектер арасындағы «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты фестивалімен жалғасын тапты. Бұл іс-шараның мақсаты –колледжді аяқтаған түлектердің колледжбен байланысын нығайту.
Бүгінде колледж 9 мамандық бойынша білім береді, материалдық-техникалық базасы оқу бағдарламасының соңғы талаптарына сай жабдықталған: слесарьлық, темір пісіру, электромеханикалық және ағаш шеберханасынан бөлек студенттердің тәжірибесі колледж ауласында орналасқан оқу полигонында да өтеді.
Райхан РАХМЕТОВА
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды