Жаңа жылда – жол үстінде
Қызылорда локомотив пайдалану депосынын машинисі Темур Сүлейменов алдағы келе жатқан жаңа жылды жолда қарсы алатын сыңайлы.
Барар жеріне асыққан жолаушыларды сағат тілі түнгі 12-ні соққанша діттеген жеріне аман-есен жеткізуге асыққан жолаушылар құрамын басқарады.
Әрине, теміржолда қауіпті емес сала жоқ, дегенмен жолшы, вагоншы, қозғалысшы, белгі беру-байланысшы, т.б. қай-қайсысынан да машинистің жұмысы жауапты әрі аса қауіпті екені талас тудырмаса керек. Мұны сала мамандарының бәрі жақсы түйсінеді. Ең басты мақсат қауіпсіздікті сақтауды санаға сіңірген машинистер қай кезде де, қандай жағдайда да сенім үдесінен шығуға күш жұмсайды. Мейлі ол күндіз, не түнде сапар шексін, сапары мейлі мереке күндеріне сәйкес келсін, машинист үшін ең бірінші кезекте – кәсіби жауапкершілік. Өйткені, сағаттың тіліндей пойыздар қозғалысы тоқтамақ емес.
–Жаңа жылды тепловоздың ішінде қарсы алуым бірінші рет емес. Бұған дейін де мұндай жағдай тепловоз тізгіндеген осы 37 жылда талай рет болған. Мен үшін бұл кезекті сапардың бірі ретінде қабылдауға тиіспін. Әрине, жыл ауысып жатқан мезетті отбасыңда қарсы алғанға не жетсін? Биыл шамалауымша жолаушылар құрамымен жаңа жылды облыс орталығынан үш-төрт станцияны өткеріп қарсы алғалы тұрмыз. Біздерге, машинистерге, жаңа жыл деп босаңсуға әсте болмайды, құрамда келе жатқан жүздеген жолаушының өміріне машинист пен оның көмекшісі жауапты сондықтан мереке деп босаңсуға, басқалай еркіндік жасауға еш қақымыз жоқ. Әрине, жастау кезімізде жаңа жылды үйде қарсы алудың жолын іздестіруші едік, қазір ондай ойдан арылдық, тек жауапкершілік пен жүктелген жұмысымды аман-есен атқарып, сенімнен шықсам деп шүкіршілік етемін, тек ақ жол болсын, – деп жүрекжарды лебізін білдірді тәжірибелі машинист.
Қызылорда локомотив пайдалану депосында еңбек жолын бастап, тепловоз машинисінің көмекшісі, машинист, кейін машинист-инструктор болып еңбек еткен кейіпкеріміз Жаңа жылда жол үстінде қарсы алатын болғандықтан төл басылымымыз арқылы барлық әріптестерін құттықтауды жөн көреді. «Жаңа жыл жақсылығымен, әр шаңыраққа мол табысымен келсін!», – дейді 1-класты машинист Темур Тұрсынбайұлы.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды