Қырағылықты күшейте түседі  

Жаңалықтар
05.01.2018, 11:33
Оқуға 2 мин
Маңғыстау станциясындағы жол қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында құзырлы мекеме өкілдері бірлескен рейдке шықты.  Желтоқсандағы мерекелер, жыл соңына орай құзырлы орындар қырағылықты күшейте түскен. Себебі белгілі, мейрам күндері қыдырып, ары бері босқан көпшілік кейде қауіпсіздікті ұмытып оқыс жағдай орын алатын осындай кез. Сондықтан  Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің Маңғыстау станциясы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі бас маманы А.Шарапатдинов бастаған теміржолшылар мен  Ақтау станциясы ЖІІб өкілдері бірлесе өткізген рейд халықты алдын ала сақтандыру шараларын қамтыды.      – Рейдте станциялық жолдар мен сұрыптау паркінде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін орнатылған арнайы белгілер, аншлагтар мен банерлердің талапқа сай болу, болмауы тексерілді. Нәтижесі жақсы. Көбісі биыл жаңартылған, жазулары анық көрініп тұр. Олар "Сақ болыңыз!", "Қызмет жолы", "Өміріңізге қауіпті!", "Темір жолдан белгіленген арнайы өткел жолдан өтіңіз!", "Темір жолмен жүру қауіпті!" "Пойыздан сақтан!", т.б. ескертулер. Десе де рейд барысында сондай ескертулерді де елемей, темір жолды кесіп бара жатқандар да кездесті. 5 адамға хаттама толтырылып, тиісті шара қолданылды, – деген А.Шарапатдиновтың айтуынша сол күні сондай-ақ станция кезекшісінің станциядағы маневрлік жұмыстары да қаралған. Әрбір маневрлік қозғалыс кезінде  қауіпсіздік сақтау үшін кезекші парктік дыбыс күшейткішпен хабарлап, ескерту беріп отырған. Оған қоса станция іргесіндегі Маңғыстау, Дәулет, Қызылтөбе ауылдарындағы  тұрғындар мен мектеп оқушыларына да түсінік жүргізілген. Оларға "Азаматтар! Темір жол – аса қауіпті аймақ, өзіңізді де, жақындарыңызды да сақтаңыз!" үлгідегі бүклеттер таратылған.

Шахизат Сарина,

Маңғыстау.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды