Шырша тойы басталды 

Жаңалықтар
05.01.2018, 11:42
Оқуға 2 мин
Он екі айда атқарылған істерді қорытындылайтын желтоқсан айы туғаннан бала біткен қуанады. Өйткені, әр бүлдіршін дәл осы айды жыл бойы күтеді. Бұл жылы да теміржолшылардың балаларына арналған Жаңа Жылдық шырша «Оңтүстік Цирктің» үлкен залында өтуде.   Балалар үшін айрықша мереке саналатын шараға «ЖТ» Шымкент филиалы мен Қызылсай, Сайрам, Текесу, Шымкент, Қорғасын станцияларының теміржолшыларының 10 жасқа дейінгі 3500 баласы қатысуда. «Еске салып отыратын уақытты, есік қағып тағы да бір жыл келді» деп өлеңдетіп келген Аяз атаны бүлдіршіндер ду қол шапалақтап қарсы алды. Қарша қызын қасына ерткен ақ сақалды аталарына өнерін көрсетпеген бала қалмады. Сонымен қатар, бұл кеште екі сағат бойы балаларға цирк акробаттары мен өнерпаздары түрлі қойылымдар көрсетіп, ойындар ойнатты. Балаларының бал-бұл жанған сәтін көрген ата-аналар да ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып жатты.  Аяз атамен ортада би билеп, ән салған  балғындар цирк өнерпаздарының өнерін тамашалап,  ерекше  әсерге бөленді. Ал, Шымкент Магистральдық желі бөлімшесі бойынша 1754 бала Жаңа жыл шыршасына қатысуда. Кезең-кезеңімен өткізіліп жатқан шырша кештері көпшіліктің көңілінен шығып жатыр. Жаңа жыл мерекесінен жақсы жаңалық, мол бақыт күтетін жиылған қауым бір жасап қалды. Әсіресе, балалардың езулері құлақтарына жетті. Әр түрлі кейіпкерлермен бірге қызықты ойындар ойнап, таңқалысып тарқасты. Бұл жаңа жылдық мереке жалғасын таппақ. Алдағы уақытта арыстық теміржолшылардың 500-ге жуық балалары «Ақшатыр» тойханасында шырша тойын өткізбек.  

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды