Армандар орындалады

Жаңалықтар
05.01.2018, 11:47
Оқуға 2 мин
 «Қазақстан темір жолы» компаниясы жаңа жыл қарсаңында Астана қаласындағы 35 мүмкіндігі шектеулі балаға қайырымдылық шарасын жасады. Бұл шара – балалар арманын орындаған жоба десе де болады. Себебі желтоқсан айында ұлттық компанияның «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қорының ұйымдастыруымен бас ғимаратта «Тілектер шыршасы» құрылып, оған осындай балалардың арман-тілектері жазылған хаттар ілу сұралған болатын. Міне, сол армандар шыршасына «Астана қалалық мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде тіркеуде тұрған отыздан астам баладан түрлі тілектер келіп түсті. Оған бей-жай қарамағанм  компания қызметкерлері  әр баланың қалаған затын алып беруге тырысты. Сыйлықтарды кеше аталған қордың және компанияның өзге де қызметкерлері Мүгедек балалар қоғамына келіп, оларға өз қолдарымен табыстады. –Бүгін міне, «Тілектер шыршасы» акциясын қорытындыладық. Балалардың тілектері – сан алуан ойыншықтар, әр түрлі тілдегі кітаптар, өзге де сыйлықтар екен. Сол жазғандары бойынша барлық сыйлықтарды алдық. Осындай балалардан бас тартпай, қаншама төзіммен, шыдаммен, махаббатпен соларды бағып отырған ата-аналар алдында бас июміз керек. Олар - ерекше құрметке лайық жандар, сол себепті теңіздің тамшысындай ғана болса да көмегімізді беріп жатырмыз, - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгірбаев.   Астана қаласында 20 жылдан бері осындай мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының бастамасымен мемлекет тарапынан қолдау тауып құрылған «Астана қалалық мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директоры Қамқа Жасанованың айтуынша, бұл бірлестікте барлығы 130-дай мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олардың 110-ы үй жағдайында ем алады және 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Ал ұлттық компания бұл бірлестік құрылғалы бері көмек жасап келеді екен. –Қалай құрылдық, солай біз теміржолшылардың қолдауын, қамқорлығын сезініп келеміз. Ол үшін алғысымыз шексіз. Бұлар - қамкөңіл жандар, өзім де сондай баланың анасымын. Олар жылап, еңіреп келгенде бекем болыңдар, бұл Алланың берген сынағы деп жұбатамыз, қордың қызмет ету шеңберінде барлық көмегімізді көрсетеміз. Осындай ата-аналардың жанына жалау болып, көмек қолын соза білетін теміржолшыларға мың да бір рахмет, - деген бірлестік басшысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгірбаевты Алғыс хатпен марапаттап балалардың қолынан шыққан символикалық тұмар тарту етті.

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды