Теориядан тәжірибеге дейін  

Жаңалықтар
05.01.2018, 11:54
Оқуға 2 мин
Достық вагон пайдалану депосында техникалық оқуға ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, тек теория мен тәжірибе бірге әрекет еткенде ғана сапа пайда болатынын оқу жөніндегі нұсқаушы Қанат Машарипов әрбір жұмысшының санасына сіңіргенді қалайды.  Оның пікірінше, көлік саласлында нашар дайындалған маман апаттық жағдайларға себепші болуы әбден мүмкін. Қанат қашан да алға ұмтылатын маман. Өндірістің тәжірибеден бөлек оның педагогтық біліктілігі де жоғары. Ол әрбір сабағын қайталанбастай қызықты етіп, мысалдар келтіріп өткізуге тырысады.  Сонда тыңдаушының есінде сақталып қалары анық.  Еңбек жолын Достық станциясында вагондарды ауыстыру пунктінде  слесарь болып бастаған ол вагон шаруашылығында бірде бір ұсақ бөлшекті назардан тыс қалдарымай  өз ісін жетік меңгеріп,  біліктілік арттыру курстарынан өтіп, іздену арқасында  аз жылда үздік маманға айналды. Кейін жөндеуші-қараушы болып ауысқанда да бұл жұмысы оған өз мамандығын одан әрі терең біліп, кәсібін жақсы меңгеруге мүмкіндік берді. Мықты теориялық білім мен бай тәжірибе өз нәтижесін беріп, 2014 жылы Қанат оқу жөніндегі нұсқаушы болып қызмет ауыстырды. Мақсаты - өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, жүк және жолаушылар вагондары паркі жағдайын қырағылықпен бақылау міндетім деп білетін мамандар оқытып шығару.   Оның дәрістерінің тақырыбы сан алуан. Оның ішінде, вагон шаруашылығында кең таралған букс торабының бұзышылығын анықтау тақырыбын Қанат үнемі түсінікті етіп түсіндіріп, тыңдаушылар үшін тақырыпты кеңінен талқылайды. Вагон қараушылардың өзара пікір алмасып, өз ойларын айтуына жол ашады. – Маған жас мамандардың депоға шын мәнінде өз бетінше жұмыс істеу үшін келді ме немесе өз қалаулары болмаса да ойда-жоқта келе салған ба, соны білу қызық. Біздің жұмысымыз қашан да нақтылықты, төзімділікті, әрине, сонымен бірге мамандығыңды жақсы көруді талап етеді.  Теміржолдың өзіндік ережесі, ұстанымы  бар, жоғары оқу орнын тәмамдаған бір дипломның иесі болу ештеңе шешпейді, «оқы, оқы және оқы» девизімен күн сайын білім жетілдіру қажет, сонда ғана сен білікті теміржолшы боласың,  - дейді Қанат. Нұсқаушы Машарипов сонымен қатар, жаңа жобалар мен техникалық жаңашылдықтар жасауға да белсене қатысады. Биыл ол, мысалы айналма жеңдерді нығайту бойынша рационализаторлық ұсыныстың авторы ататнды.  Әріптестері оны кәсібилігі және адамгершілік қасиеттері үшін сыйлайды. Оның тек қана теория мен практика, яғни білім мен тәжірибе ғана мақсатқа жеткізеді деген ұстанымымен бәрі келіседі.  

Елена ҚОЛДАСБАЕВА, Алматы

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды