Түлкібаста қыс қатты...

Жаңалықтар
05.01.2018, 11:59
Қазақстен темір жолы бойынша бұрылысы мен қиылысы көп жол дистанциясы екеу болса, соның бірі – Түлкібас жол дистанциясы екені белгілі. Шымкенттің шекарасында болғанмен, Жамбыл жол дистанциясына қарайтын түлкібастық жолшылар басқа өңірлерге қарағанда қыс бұл жерде қатты болатынынын айтады. Атақты Шақпақ асуы да осы төңіректе. Ойлы-қырлы таулы аймақтың қысы қатал, жазы салқын болып келеді екен.  Қыста қары, көктем мен күзіндегі жауын-шашыны  мол өңірде жолдың бабын жасау да оңай емес екен.  Түлкібастық жолшылар басталғалы қардан әзірге қиындық тумағанын, былтырғыдай қалың қар әлі жауа қоймағанын айтады.   Көктерек бекеті мен Жамбыл станциясының арасындағы 267,3 шақырымға созылған дистанция бойында 12 станция орналасқан. Ал қар жауғанда ең алдымен бұрмалар қардан тазартылмаса, пойыздар кестесіне нұқсан келеді. Қаншама жолаушылар жолдан қалып, жүк вагондары тоқтап қалады. Сондықтан, осы аралықтағы 223 жиынтық бағыттағыш бұрманы дер кезінде тазартып отыру үшін 200-ге жуық жолшы  адуынды Шақпақ желінің ақ  түтек боранында дамыл таппайды.  Екі облыстың ортасын жалғайтын болат жолдың 123,0 шақырымы бұрылыс жолдарға жатады. Түзу жолдарға қарағанда қиындығы  көп бұрылыс жолдардың саны таулы өңірде көп, 289 дананы құрайды екен. Түлкібастан бастап, 115 разъезд, Абайыл, Шақпак, Боранды, Сұрым, Күркіреусу, Маймақ, Жуантөбе, Шөлдала, Құмшағал атты станцияларындағы 13 айналым жолдарын күтіп ұстау да оңай емес. Қысы-жазы бар салмақ 13 жол шебері мен отызға жуық бригадирге, 143 жол монтеріне түседі. Оған қоса он көпір шебері мен 24 ақаутапқыш операторлары жолшыларға көмектесіп отырады.  – Былтырлары қар қалың түскенде қар тазалайтын екі  «СДПМ» машинасымен 4 маман үздіксіз жолды аршитын. Біздің дистанция бойынша қауіпті аймаққа Боранды бекеті, 115 разеьезд, Абайыл, Шақпақ станциялары жатады. Өткен жылы Шақпақта қардың қалыңдығы 1 метрге жеткен. Биылғы желтоқсанның бірінде қар жауғанмен, борап қатты әлекке салмады. Сондықтан, 40-қа жуық жолшы қол күшімен тазалады. Екінші рет 8-9 желтоқсанда қар жауып,  60-қа жуық жолшының көмегімен аршылды. Әлі қар тазалайтын машиналардың көмегіне жүгінген жоқпыз. Өйткені, қар жылдағыдай жолды жауып қалған жоқ, - дейді отыз жылдық еңбек өтілі бар дистанция диспетчері Бірлік Қазмағамбетова.    Мұндағы жол жайын бес саусақтай білетін маманның бірі – Әлішер Дадабаев. 1984 жылдан бері жолшы, бригадир, жол шебер қызметтерін атқарған ол  бүгінде кадр бөлімін басқарады.  Әлішер Нәжмидинұлы  1969 жылы қалың  қар жауғанда Түлкібастағы ақ ұлпаның биіктігі үйдің қабырғасына жетіп, пойыздар жүре алмай қалғанын айтса, жастар сенер-сенбесін білмейтін көрінеді.  Қазір де мәз емес, бұрқасындатса бір сәтте жолды жауып тастайды. Екі-үш жыл бұрын дистанцияның орталығын Түлкібастан көшіру жайлы әңгіме шыққан-ды. Кейін дистанцияны Шымкентке біріктірсе, кеңселері 70 шақырым қашықтағы облыс орталығында болатындықтан тиімсіздігі байқалған. Өйткені, мұндағы  телімнің ұзындығы Жамбылға дейін созылып жатыр. Жалпы, бұл мәселе алдағы уақытта қозғалса да дистанцияны Түлкібастан жылжытудың еш реті жоқтығын айтады байырғы жолшылар.

Динар МЕЙІРМАН

Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті