Қазақстандық үлесті ұлғайту көзделуде
Жаңалықтар
10.01.2018, 15:21
«Тұлпар-Тальго» ЖШС өткен жылды табысты аяқтап, кең шанақты 62 жолаушылар вагонын тапсырыс беруші «Жолаушылар тасымалы» АҚ еншісіне табыстаған болатын. Ал биыл зауыт басшылығы 91 вагонды құрастырып шығару жоспарда бар екенін мәлімдеп отыр.
Десек те, жоспарға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл енді тапсырыс беруші тарапқа байланысты. «Біз 2016 жылдан бастап кең шанақты жолаушылар вагонын шығара бастадық, олардың іші кең, жолаушыларға жайлы, сапасы жоғары. Біздің елдің климатына бейімделіп жасалған. Қыста -45, жазда +50 градус температураға дейін шыдас береді. Былтыр біздің вагондар Ресейдің тиісті құзырлы органдарынан сертификаттаудан сәтті өтіп, бұрынғы Кеңес одағы республикаларының аумағында еш кедергісіз жүру құқығына ие болдық. Жалпы 2025 жылға дейін еліміздегі ескі вагондардың басым бөлігін жаңарту жоспарда тұр. Бізге тапсырыс беруші негізгі компания ол, «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Қазірдің өзінде еліміздің барлық ірі қалаларына «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған жолаушылар пойыздары қатынауда. Қазіргі заманауи технологияларды пайдалана отырып, «Тұлпар-Тальго» вагондарымен сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге болады. Бұл өз кезегінде пойыздардың жолда жүру мерзімін екі есеге дейін қысқартады», – деп ақпармен бөлісті «Тұлпар – Тальго» ЖШС өндірістік директорының орынбасары Владимир Кисилев.
Оның айтуынша, бүгінде құрастырылып шығарылып жатқан отандық жолаушылар вагондарындағы қазақстандық үлес 30 пайыз шамасында екен. Биыл бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу көзделуде. Көбінесе, вагондардың интерьер бөліміне пайдаланатын заттар, металконструкция елімізде шығарылса, Ресейден, есік, терезе, қалқан, тағысын тағы бөлшектер сатып алынуда.
«Тұлпар-Тальго» ЖШС келешекте экспортты дамытуды межелеп отыр. Қазір осы бағытта алғашқы қадамдарын жасауда. Айталық, Өзбекстанмен белсенді келіссөздер жүргізілуде екен. Иран елі де қазақстандық жолаушылар вагондарына қызығушылық танытып отырған көрінеді. Демек, қазақстандық вагондардың шетел асар күндері де жақын деген жарқын ой көңілге сенім ұялатады.
Зауыт туралы сөз қозғап отырып, оның ұжымына және әлеуметтік ахуалына тоқтап кетпеуге болмас. Зауытта екі жүзден астам адам жұмыс істейді. Бір атаның баласындай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара еңбек көрігін қыздырып отырған зауыт қызметкерлері «Тұлпар-Тальго» ЖШС басшылығы тарапынан барлық жағдай жасалған. Биыл зауыт басшылығы мен еңбеккерлері арасында алауыздыққа жол бермейтін 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарт жасалып, онда кәсіпорын қызметкерлеріне жасалатын кепілдік әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Ұжымдық шартта негізінен еңбектің ұйымдастырылуын жақсарту, өндірістің тиімділігін арттыру, қызметкерлердің ем-дом алу үшін шипажайларда сауықтырылуы, жастар отбасын құрғанда, сәбилі болғанда, мерейтоймен қатар қайғылы жағдайларда төленетін төлемақы, тіс емдеу, тағысын тағы жеңілдіктер басты назарға алынған. Ең бастысы, қаланың шетінде, Индустриялдық паркте орналасқан стратегиялық нысан болып саналатын зауытқа жұмыскерлерді арнайы жұмыс көлігі апарып, үйлеріне әкеліп тастайды. Сондай-ақ, зауыт жұмысшыларына тегін тамақ ұйымдастырылып отыр.
«Биыл зауыттың жаңағыдай әлеуметтік-тұрмыстық шараларын ұйымдастырып, қолдау көрсетуге 5 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Зауыт қызметкерлері «ҚТЖ» ҰК»АҚ қызметкерлеріне тиесілі кепілді жеңілдіктерге толыққанды ие болып отыр. Балаларының жазғы лагерьлерге жіберілуі де қарастырылған. Зауытта өз ісін жетік білетін мамандар жұмыс істейді. Бәрі де заманауи технологиялардың тілін терең меңгерген. Сондықтан біз мамандарымыздың сапалы жұмыс істеп, өз қызметтерін адал атқаруына барлық жағдайды жасап отырмыз», – дейді «Тұлпар-Тальго» ЖШС әкімшілік бөлімінің маманы Әнуар Сарин.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Суретті жіберген Александр ЖАБЧУК
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар