Сервис сұранысқа сай болсын...
Атырауға іссапармен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев пен Ирина Унжакова жұртшылықпен, жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңірдің бірқатар стратегиялық нысандарымен танысты.
Мәжіліс депутаттарының назарынан Атырау вокзалы да қалыс қалмады. Аймақтың бас қақпасында халық қалаулыларын «ҚТЖ-ЖТ» АҚ филиалы Атырау бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаев пен магистралдық желі бөлімшесі басшысы Елеубай Сапаров, Атырау вокзалының бастығы Айгүл Сайынқызы бастаған теміржолшылар қарсы алды.
Теміржол вокзалдарының қызметін ұйымдастырудағы электронды кезек алу мен билет алу, жолаушыларды, қол жүктерді және багаждарды тексеру жүйесі, вокзалдағы ана мен бала бөлмесі, асхана мен өзге де халыққа қол жетімді қызметтермен танысқан халық қалаулылары ең бастысы – сервистің талапқа сай болғаны маңызды екенін жеткізді.
Вокзалдағы билет кассасына кезекке тұрып, жолаушыларды тексеру жүйесінен өткен Халық қаһарманы Б.Ертаев пен И.Унжаковалар вокзалда жолаушылар пойызы бағытын үш тілде хабарлаған вокзал кезекшісі, диктор Айгүл Қамиеваның, жолаушыларды тексеру жүйесінің инспекторы Ақмарал Қаражанова мен электронды кезек пен билетті алу жүйесін тұрғындарға мұқият түсіндіріп, қызмет көрсеткен Гүлнәр Құлжановалардың қызметтеріне ризашылықтарын білдірді.
Бірер жыл бұрын күрделі жөндеуден өтіп, іші мен сырты көзтартарлық күйге енген вокзалдың перронына дейін аралап көрген депутаттар акт залында теміржолшылармен жүздесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Б.Ертаев бүгінгідей бақытты заманда өмір сүріп жатқан қазақстандықтар осы бақытты бағалап, ұлттың ұлы мен қызын тәрбиелеуде осалдыққа жол бермей, ел экономикасы мен әлеуетін арттыруда аянбай еңбек ету керек дей келе, ел болашағы жастардан үлкен үміт күтетінін жеткізді.
Ал депутат И.Унжакова: «Теміржол саласында темірдей тәртіп барына көз жеткіздік. Бұдан өзге теміржолшылардың династиясы тұрақты өсіп, осы салада кәсіби шыңдалған мамандардың жұмыс істеп жүргені қуантады. Вокзалдағы әр қызметтің маңайында өз кәсібінің мамандары отырғанына куә болдық. Электронды жүйені халық жақсы пайдаланып, үйреніп жатқанын көрдік. Біздерге заң жобасына қатысты халықтың тарапынан көптеген сындар айтылады. Сол сындарға жауап беріп, өңірдің өзекті мәселелерін ескеріп жүруге келдік. Бүгінде еліміздің экономикасына теміржол саласының сүбелі үлес қосып отырғаны сөзсіз. Алайда, біз өркениетті елдердің деңгейіне жетуіміз үшін жолаушы сервисімен қатар жүк тасымалын да жаңа деңгейге көтеріп логистиканы дамытып, цифрлық жүйенің теміржолда кең қолданысқа ие болуына, тасымал көлемін арттыруға жұмыстануымыз қажет. Бұл бағытта ҚТЖ орасан зор жұмыс жасап жатқанын да білеміз», – деді.
Жиын соңында аймақ теміржолының басшысы Бөріхан Беркімбаев іссапар барысында теміржол саласына да көңіл бөліп, теміржолшылармен кездескен халық қалаулыларына алғыс айтты, теміржолшылар ғасырлық үрдісті үзбей, ел экономикасын дамытуда еңбек ете беретінін жеткізді.
Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды