Сын сағатта сыналғандар
Елдің бәрі отбасында ескі жылмен көңілді қоштасып жатқан кеште шымкенттік жолшылар телім бойында жүрді. Жаңа жылға бірер сағат қалғанда тағы бір адамның өмірі пойыз жолында қиылды...
Шымкент жол дистанциясының еңбек қорғау инженеріне түнгі сағат 22.30 да диспетчер хабарласады. Ол мұндай «қоңыраулардың» тегін болмайтынын білетіндіктен, бір жамандықтың болғанын сезеді.
– Телім бастығы Қамбар Сырманов екеуміз оқиға болған жерге келсек жол шебері Қайрат Жоланов та осында екен. Қайғылы жағдай 31 желтоқсан күні түнгі ондар шамасында Шымкент – Қорғасын аралығындағы 3281 шақырымның І пикетінде орын алды. Бұл аумақтағы станция аралықтары қоршалғанмен біз барған жерде қоршаудың бұзылғанын көрдік. 400 метр әрі де «Химфарм» зауытының тұсында жер асты өткелі бар. Бірақ халық жолды жақындатам деп осылай ажал құшуын тоқтатпай отыр... Пойыз қаққан қария 1936 жылы туылған, сол аяғы тобығының үстінен кесілген мүгедек кісі екен. Жалғыз басты емес, балаларымен өмір сүріп келген. Үйі пойыз жолға жақын Ә.Молдағұлова көшесінде орналасқан,– дейді Шымкент жол дистанциясының еңбек қорғау инженері Ақберен Өмірбекұлы
Бұл маңдағы 3285 шақырымның алтыншы, бесінші пикетінен бастап бұрылыс жолға жатады. Алдынан даусы естілмесе, пойыздың келе жатқаны көрінбейді. Тақ бағыттағы электровоз Шымкенттен шығып келе жатқанымен машинист 300 метр жолға дейін қисық жолмен жүріп, тура алдағыны байқамайды. Бұрылған кезде көргенмен, тежегішті басса да үлгермеген. Өйткені пойыз кемі 400 метр жерге келіп тоқтайды. Машинист пен көмекшісінің айтуынша, ажалды кісі жолдың үстінде отырмаған, жанында тұрған. Мүмкін, жолдан өтіп үлгере алмаған болар. Ал жол дистанциясының мамандары үйлеріне телім басынан түнгі бірде бір-ақ қайтқан.
– Қоршау тұрғызылып, түсіндіру жұмыстары жүргенмен адамның санасы өзгермесе, жеке бас қауіпсіздігін ойламайды. Мектепке барғанда балалардан неге теміржолдан өтетінін сұрасақ, сол жолмен ата-анасы да жүретінін айтады. Әке-шешесі ұл-қызына үлгі болудың орнына, өздері қауіпті аймақпен балаларын ертіп жүреді, – дейді осындай бақытсыз оқиғаларды көзбен көріп, жұртшылыққа түсіндіруден шаршаған еңбек қорғау инженері шарасыз кейіп танытып.
2017 жыл бойынша аталған дистанцияда пойыздың адам басу фактісі 13 рет қайталанып, соның жетеуінде кісі өлімімен аяқталған. 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге көбейген. Қайғылы жағдайдың пойыз жолында орын алуынан Шымкент жол дистанциясы алматылықтардан кейінгі орында тұр.
– Биыл қоршаулар біздің меншігімізге көшкен. Бірақ одан қауіпсіздіктің сақталуы шамалы болып отыр. Сондықтан, Шымкент –Қорғасын, Шымкент – Қызылсай сынды адам көп басылатын телімдерге «ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалындағы күзетшілерді орналастырып, күндіз-түні бақылайтын жағдай жасасақ деген жобамыз бар. Өйткені, адам басу мен қоршаулардың бүлінуі мен ұрлануы көбіне түнде орын алады. Сондықтан, теміржолдың мүлкі мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін әр аралықта қауіпті үш жерге күзетші отыратын қосын орналастырылса дейміз. Ұсыныс жобасы әзірленіп, есеп-қисабы жасалды. Жобаны ұлттық компания қаржыландырады. Экономикалық жағынан қазіргі уақытта тиімсіз екені рас. Бірақ, адамның өмірінен қымбат ештеңе болмай тұр. Осы жобамыз жүзеге асып, қолдау тапса қайғылы жағдайлар азаяр мүмкін, – дейді Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Оңалов.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды