Жаңаөзен ауруханасына дәрі-дәрмек жеткізілді

Жаңалықтар
10.01.2018, 15:36
Оқуға 2 мин
Өткен жылдың 25 қарашасында Жаңаөзен қаласының Теңге кентіндегі темір жол өткелінде болған апатқа орай «ҚТЖ» ҰК»  АҚ  президенті Қанат Алпысбаевтың тапсырмасымен Жаңаөзен қалалық ауруханасына қажет дәрі-дәрмек жеткізілді.  Құны 5 миллион 26 мың 390 теңге тұратын медикамент Ақтау қаласындағы «Медсервис плюс» ЖШС орталығынан сатып алынған. Дәрі-дәрмекті  Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Нәжимедин Ғұбашов пен жүк тасымалы бөлімшесінің Кәсіподақ комитетінің төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов барып табыстады. – Күні кеше болған оқиға жаңаөзендіктердің  ғана емес,  күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Елдің елдігі танылатын осындай қиямет-қайым заманда азаматтық танытып, асарлататын ағайынның барына тәубе дейміз. Апат орын алған сәттен күні бүгінге дейін аяғынан тік тұрған аурухана ұжымына алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз жемісті болсын лайым. Қаралы, азалы отбасыларына сабыр тілейміз, – деді өз сөзінде  Н.Ғұбашов.      Қалалық аурухананың бас дәрігері Мұрат Сарыев теміржол басшылығына ризашылықтарын білдіріп, игілікті іс үшін алғыс айтты. Медициналық мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, өткелдегі оқиға болған күні науқастарға қажеттінің барлығы аурухана резервінен алынған. Енді соның орны толықтырылып отыр. Бүгінде апаттан аман қалғандардың 25-і емделіп үйлеріне шықса, 2-сі әлі күнге ауруханада ем алуда екен. – Емделіп шыққан пациенттердің кейбіреулері әлі де амбулаториялық бақылауда, күндізгі стационарда ем қабылдауда. Кейбіреулері жұмысқа, студенттер оқуға барып жүр. Қазір екі адамның денсаулығы ерекше назарда, біреуінің аяғына қатысты,  екіншісінің бас сүйегіне жасалған ота бойынша, – дейді бас дәрігер.  

Шахида Жұман,

Маңғыстау

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды