Шығыста үскірік аяз...     

Жаңалықтар
16.01.2018, 10:28
Оқуға 2 мин
  Ел шығысындағы теміржолшылар ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қауырт жұмыс қимылына көшті. Әйтсе де, күнделікті қызмет барысын ырғақтан шығарып жіберерліктей өзекті мәселелер туындаған жоқ. Бөлімше басшысының бірінші орынбасары Ғабит Есқожановтың мәлімдеуінше, өткен аптада өңірдегі ауа температурасы кей жерлерде -37 градусқа дейін төмендеген, бүгінгі таңда да бірқатар аймақтарда үскірік аяздың беті қайтқан жоқ. –Туындаған табиғи ахуалға байланысты қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында қырағылық, сақтық шаралары біршама арттырылды. Әйтсе де, теміржолшылар аузында «қыс шілдесі» аталып кеткен аязды күндер сала мамандарына кедергі туғыза қойған жоқ. Ал, Астана – Риддер бағытындағы Тальго пойызына байланысты туындаған жайтқа бірінші кезекте техникалық жайт себеп болды деп болжануда,– дейді ол. Айта кетейік, бұл ретте суық вагондарда тоңған жолаушыларға семейлік теміржолшылар бірден көмекке келген. Дегелең мен Локоть станцияларына жеті вагоннан жіберіліп, дер кезінде көмек көрсетілді. Жылдам қимылдау нәтижесінде жолаушылар пойызы кестеден кешіккен жоқ. Кейбір азаматтар Тальго пойызына отырмағандықтарына шағымданғанмен, ешкім жолдан қалмаған. Ал, ақаулық шыққан пойыз шамалы жөндеуден өткізіліп, жанармай құйылған соң тексеру мақсатында зауытқа жіберілген. –Күрт төмендеген ауа температурасына байланысты жүк және жолаушылар пойызының қозғалысына ешқандай кедергі келген жоқ. Барлық жылжымалы құрам кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Штаттық режим барысы сақталуда. Сол тәрізді жоспар аясында межеленген жүк тиеу, оның ішінде көмір тасымалы шаралары да ойдағыдай жүргізілуде, – дейді бөлімше басшысының бірінші орынбасары.  Теміржолшылардың Қаражыра көмірін уақытында жеткізулері нәтижесінде қазіргі күні қалада екі аптаға жетерліктей қара отын қоры бар екен. Аяздың күшіне мінуіне байланысты жаңадан тапсырыстар қабылдануда. Қазіргі күні бөлімшедегі теміржол нысандарының барлығы қатты отынмен толық қамтылған. Жол шаруашылығындағы қызмет те қалыпты. Аяз қайтқан соң қар сенбіліктері басталмақ. Бұл ретте пікір білдірген Семей магистральдық желі бөлімшесі басшылығы барлық міндеттер жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтады.  Демек, «қыс шілдесі» шығыстық теміржолшыларды қалыпты режимнен  жаңылдырған жоқ, жылжымалы құрамдар жүріп жатыр, қауіпсіздік толық бақылауда.

Қуаныш Қожаев, Семей     

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды