Желтоқсанда күрделі жөндеу

Жаңалықтар
16.01.2018, 10:32
Оқуға 2 мин
Шымкент магистральды  желі бөлімшесі бойынша 1-31 желтоқсан аралығында  Түлкібас – Шымкент, Шымкент –Арыс, Арыс – Түркістан, Түркістан – Сарыағаш ортасындағы 43 км бойындағы ағаш шпалдардың бәрі бетонға алмастырылды. Шымкент пен Арыс жолшылары, байланысшылар мен энергетиктер 1 желтоқсан ҚР Президентінің күні, 16-18 желтоқсан Тәуелсіздік күндері, тіпті аптаның сенбі-жексенбісінде де демалмастан еңбек етіп, бір айдың ішінде жоспарлы  жұмысты толық игерді. Шпал астындағы қиыршық тастары да жаңаланды. –Бұл маңызды тапсырма жол дистанцияларының тәжірибелі жолшыларының арқасында қысқа мерзімде жүзеге асты.  Ағаш шпалдарды  темірбетонға ауыстыру – бүгінгі күннің  өзекті мәселесі. Бұл – ертеңгі күні жолдың жылдамдығын көтеруге мүмкіндік береді және сенімді, қауіпсіздікті сақтауға сеп болмақ.  Жолды жаңа материалдардың көмегімен сауықтыруға бөлінген  2 млрд 100 миллион теңге толық игерілді. Тек жолшылар ғана емес, байланысшылар мен энергетиктер де «толаскез» кезінде жолшылармен бірге қимылдап, байланыс жүйелерінің жұмысын  реттеп отырды,–  деген Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Оңалов осы бір айдың ішінде мамандардың демалыс күні де еңбек еткендігіне қосымша сыйақы беру мәселесін қарастырылып жатқанын жеткізді.   Оның айтуынша, әрине, жұмыстың бәрін жолшылар қолмен атқарған жоқ. Ағадыр механикаландырылған жол дистанциясынан арнайы мамандар келіп, ауыр техникалардың көмегімен жұмыс жүзеге асқан. Сонымен қатар, СМД машинасының да көмегі көп болған. Сонымен қатар, желтоқсанның 7-25 аралығында Шымкент жол дистанциясында «Жолды, бағыттамалы бұрмаларды және құрылыстарды» кезектен тыс комиссиялық тексеру айлығы жүріп,  дистанциядағы жетекші-инженер Ақтолқын Жоланованың айтуынша, қорытындысы бойынша 612 кемшілік анықталған. Бүгінге дейін оның  52 пайызы түзелген. Тексеру кезінде бекітпелердің жарамсыздығы, станциялық жолдардағы шпалдар мен білеулердің тозуы, шпалдардың арасында қиыршық тастардың толыққанды толтырылмауы, жол табандарының ескіруі сынды кемшіліктер жиі кездескен көрінеді.  Қаңтар айынан бастап, жыл соңына дейін ай сайын осындай кесте түзіліп, кезектен тыс комиссиялық тексеру жұмысы жүйелі түрде жүзеге аспақ.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды