Қаңтар қаһарына мінді
Жаңалықтар
16.01.2018, 10:59
Биылғы қыс желтоқсанда жылдағыдан жайлы басталып, қаңтардың алғашқы аптасында да ерекше мінез танытпаған еді. Алайда, осы апта ортасынан қыс қаһарына мінді. Бет қаратпайтын қарлы боран солтүстік өңір, соның ішінде Елорда халқының есін шығарып, Арқаның қысы қандай болатынын еске салып жатса, теміржолшылар үшін «қармен күрес» науқаны басталды...
«Мұндай ауа-райын таңсық көрмейтін» теміржолшылар қытымыр қысқа арнап жасақтаған шараларын орындауға бір адамдай жұмыла кірісіп кетті. Қар тазалайтын, жинайтын алып техникалар іске қосылып, үсті-үстіне төпеп жауған жолдың қарын тазаласа, Астана станциясымен бірлікте жұмыс істейтін құрылымдық мекемелер жұмысшылары, әсіресе, негізгі жауапкершілікті арқалайтын жолшылар қауымы тәулік бойына қармен күресуді жалғастыруда.
–Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түнде ауа-райының күрт бұзылуынан бізде дереу жұмысшы топтары құрылып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Түннен бері екі техника жұмыс істеп жатыр. Қосымша локомотивтер шығарылды. Вагондар тежегішпен қосымша тағы да бекітілуде. Сұрыптау жолдары бірінші кезекте тазартылуда. Мұндайда жүк айналымы көрсеткіштері емес, ең бастысы – қауіпсіздік және еңбек қорғау жағдайы бірінші орынға қойылады. Алдымен жолаушылар пойыздарына ерекше көңіл бөлінуде. Одан кейін бос контейнерлердің вагондардан ұшып кетпеуі үшін мықтап бекіту жұмыстары жасалуда. Олардың салмағы аз, жел көтеріп алып кетуі мүмкін. Арнайы құралдар бар байлап бекітетін. Бұл біз көрген бірінші қыс емес. Дайын тұрған арнайы шараларымыз бар, соларды түгел іске қостық, – деді Астана станциясындағы қармен күрес жұмыстарын бақылауда ұстап отырған станция бастығы Ертас Бейісбеков.
Таңғы сегізде ұжымды жинап, осы жағдайға байланысты тапсырмалар берген станция бастығы әсіресе, ашық аспан астында жұмыс істейтін пойыз құрастырушылар, реттеушілер сынды теміржолшылардың жұмыс барысында аса абай болуын ескертті. Қарлы бораннан қадам жердегіні көру қиынға соққандықтан еңбек қауіпсіздігі күшейтілуде. Сонымен қатар қызметкерлер арасындағы биыл алғашқы қыстаушылармен жұмысқа мән берілуде. Олардың саны Астана станциясы бойынша осы жылы 26 адам. Астана станциясы сондай-ақ Елорданың жаңа вокзалының да жағдайына жауапты. Бір айта кетерлігі жолаушылар пойызы жыл басталғалы бұрынғы 22-ден 32 жұп пойызға артып отыр екен.
Ал Ірілендірілген Астана жол дистанциясының бас инженері Нұрлан Мұқатаевтың айтуынша, кешелі бері дистанцияға қарасты телімдерді қардан тазарту жұмыстарына 517 жолшы, қар тазалайтын СМ 2, СМ 5, СМ 7 машиналары жұмылдырылуда. Олардың ішінде дистанцияның көліктік блогы мен ақаутапқыш цехының да қызметкерлері бар.
–Қар тазалау жұмыстарын Астана-Нұрлы жол, Астана-Қырқыншы және Астана станциясы телімдері бойынша жүргізудеміз. Әрбір қар тазалау орнында екі адамнан кем емес жолшы болуын, міндетті түрде еңбек қауіпсіздігін сақтауды қадағалап тұратын бір артық қызметкердің тұруын бақылап отырмыз. Жұмысқа кіріскелі жатқан жолшыларға міндетті түрде осы қыс маусымындағы жұмыстарды жүргізуге арналған мақсатты нұсқаулықтар өткізілуде, – дейді бас инженер.
Жолшылар мекемесінде биыл 100-ден астам алғашқы қыстаушы бар. Олар бұған дейін толық оқытылып, барлық сынақтардан өткен және бір-бір білікті маманға бекітілген. Рельс арасын арнайы техника тазаласа, болат жолдың техника қолы жетпейтін бойындағы тоқтамай жауған қарды жолшылар күрекпен жинау үстінде. Олар осылайша тәулік бойына ауысыммен шыға отырып, қармен күресті жалғастыра береді. Былтырғы сәттерді еске ала отырып, теміржолшылар бұл «күрес» әлі ақпан айының соңына дейін жалғасады деп болжайды.
Райхан РАХМЕТОВА
СУретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды